Іс-шаралар

Мектебімізде «Бір сынып – бір кітап» байқауы жалғасын табуда. 9 сыныптар арасында Бейімбет Майлиннің “Шұғаның белгісі”және Сайын Мұратбековтің “Жусан иісі” повестерін оқып сахналық қойылым көрсетті. “Бұлақ көрсең, көзін аш” демекші, қаншама дарынды жастардың өнер айдынына еркін қанат қағып, самғау биігіне көтерілулеріне себепкер болу міндетіміз. Байқау соңында әділқазылар алқасы жүлделі орындармен марапаттады. 1 орын 9 “А,В” сыныптары 2 орын 9 “Б” сыныбы 3 орын 9 “Г” сыныбы иеленді. Оқушылардың актерлік шеберліктеріне тәнті болып, шыңдала берулерін тілейміз. Ұйымдастырушы сынып жетекшілерге алғыс білдіреміз!
Мектебімізде “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында 10 сыныптар арасында “Бір сынып, бір кітап” байқауы жалғасты. Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романына мазмұндық талдау жасай отырып, шығарма тілінің көркемдік ерекшелігі мен жазушының образ сомдаудағы шеберлігін танытты. Мақсаты: Адамгершілікке, ананы аялауға, адами, мәдени құндылықтарды бағалай білуге, ұлттық салт-дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың өнерлері өрге жүзсін, керемет қойылымның куәсі болдық. 1 орын 10 "А" сынып 2 орын 10 "Б" сынып иеленді Ұйымдастыруға атсалысқан сынып жетекшілерге алғыс білдіреміз!
8 сыныптар арасында “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында Бауыржан Момышұлының “Ұшқан ұя” романынан “Бір сынып, бір кітап” байқауында сахналық қойылым қою арқылы мазмұнына тоқталды. Байқау соңында жеңімпаздарды анықтап жүлделі орындармен марапатталды. 1 орын 8 "А" сынып 2 орын 8 "Б" сыныбы иеленді Бауыржан Момышұлы ұлылығын терең сезіну, қайталанбас азамат тұлғасынан үлгі алу, Бауыржан шыншылдығын бойларына сіңірсе нұр үстіне нұр болар еді. Бабалар сөзін болашақ өмірімізге өнеге тұтып жүретін еліміздің отансүйгіш азаматтары сендерсіңдер, жас ұрпақ!
03.02.2023 ж. Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің қорытынды "Мен жастарға сенемін" атты әдеби-музыкалық кеші өткізілді. Кеште он күн бойы өткізілген іс-шаралардан мектебіміздің ең үздік деп таңдалған талантты оқушылары ән-би, ұлттық аспаптарда күй тартып, сахналық қойылым мен атақты Мағжан атамыздың өлеңдерін нақышына келтіріп мәнерлеп оқып, өз өнерлерін көрсетті. Кешке белсене қатысқан барлық оқушыларға алғыс хат табысталды. Мектебімізде осындай іс-шаралар жалғасын таба берсін. Мемлекеттік тіліміз - Қазақ тілінің мәртебесі арта түссін.
Қазақ тілі – біздің тәуелсіз елідігіміздің еленуіне, зайырлы мемлекет болып қалануына тұрғызылып жатқан іргетас! Сондықтан, қазақ тілі арқылы еліміздің мәдениетін одан әрі дамыту жұмыстары біздің ынтымақтастығымыздың ең маңызды бағыты болмақ. «Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені, Болашағым, бақытым, дара тілім» - деп жырлағандай, ана сүтімен бойына сіңетін ана тілін сүйіп, құрметтейтін ұлт ешқашан да жойылмақ емес. Осы мақсатпен 16 - 27 қаңтар аралығында №62 мектеп-лицейінің қазақ сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ 10 күндік апталық іс-шарасы өткізіледі.
30 қаңтар күні 62 мектеп-лицейінде орыс сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің онкүндік аясында 5 сынып оқушылар арасында "Сөзмерген" танымдық ойын ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың тіл тазалығын сақтау,мәдениетті сөйлеу,қазақ тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру. Сыныптан тыс іс-шараны орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері Мукашева А.А.Кулетова Ж.С өткізді. Танымдық сайысқа қатысушы топтар 6 кезең бойынша өз бақтарын сынады.Әрбір кезеңнің өзіндік ерекшелігі болды: Шапшандық кезеңі бойынша оқушылар сөздің құрамындағы әріптерді пайдаланып ,жаңа сөздер құрастыра білді.Суреттер сөйлейді кезеңінде мазмұнды суреттер бойынша сюжетті ,шағын әңгіме жаза білді. Көркем сөз оқу кезеңінде өлеңдерді нақышына келтіріп оқи білді және т.б. Сайыс қорытындысы бойынша әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша көп ұпай жинаған ''Болашақ" тобы 1 орынға ие болып,мақтау қағазымен марапатталды. Сондай-ақ ,мың құбылта күй ойнағанды Аббас Айдын 'және көрермендер арасынан сұрақтарға толық жауап берген 5 К сынып оқушысы Аббасова Нұрай "Алғыс хат" марапаталды'. Танымдық ойын барысында ерекше көзге түскен Бейсенбаева Айназда "Алғыс хат" марапатталды.Жалпы "Сөзмерген" танымдық ойынға оқушылар белсене қатысып,әр тапсырмаға мұқият болды . Танымдық іс-шара оқушылар бойында тілге деген құрмет сезімін қалыптастырды .
16-27.01 аралығында “Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім” атты онкүндік аясында” XX ғасырдың басында ірі саяси тұлға, көрнекті қоғам қайраткері, аса ірі әдебиет теоретигі, ғұлама турколог, жаңа қазақ тілі білімінің негізін қалаушы -Ахмет Байтұрсынов. Бүгінде, аталмыш тұлғаның айтулы мерейтойы 62 мектеп-лицейінде 9-сыныптар арасында Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай мектебімізде “Тіл білімінің атасы” Ахмет туралы әдеби-музыкалық кеш өткізілді.
16-27-қаңтар аралығында “Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім” атты онкүндік аясында 10-11 сыныптар арасында “Ахмет-ұлт ұстазы” тақырыбында эссе жаздырды. Эссенің мақсаты,оқушылардың тілдін және әдебиеттік білімдері мен өзінің таным, түйсік, көзқарасының тәжірбиелеріне сүйене отырып өз ойын жүйелі, әдеби тіл қалыбында бере білуге машықтандыратын жазба тәжірбиелік жұмыстың бірі. Жас ұрпаққа білім беруде олардың пәнге деген көзқарасын қалыптастыру үлкен рөл атқарады. Эссе жазу оқушылардың ой-қабілеттерін арттыра түсетіні белгілі. Эссе жазу барсында төмендегі оқушылар өз деңгейінде эссе жазады. 1.Болат Жанерке 2.Ырыскелді Дана 3.Шүйншбай Саяжан 4.Даулетбеков Жанибек 5.Есімқұл Әкежан
16-27.01 аралығында “Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім” атты онкүндік аясында “Анам-асылым” ақындар мүшәйрасы(өлең шығару) Мақсаты: жеке тұлғаны қалыптастыруда, оқушы қарапайым ой тұтатып, қиял, әлеміне шомылып кез келген нәрсеге өз ұсынысын, өз ойын еркін білдіре алуына ықпал жасау. Білім алып жүрген талантты жазба ақындар өз өлендерімен анаға деген суйіспеншілігін жеткізумен қатар мемлекеттік тіл мәртебе бәріненде жоғары екендігін өлең жолдарына қосып, тәнті етті.
“Қазақ тілі мен әдебиет” пәндер аптылығының аясында 6 “Б” сыныбында Дайырова А.И “Қазақстан көлдері. Болымсыздық есімдік” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылар “Wordwall” бағдарламасы арқылы топтасып, сабақ барысында “РРР” әдісін қолдану арқылы топтық,жұптық,жеке жұмыс жасады. Сабақ соңында “Padlet” бағдарламасы арқылы оқушылар кері байланыс берді.
Бүгін 2023 жылдың 27 қаңтарында 1-4 бастауыш орыс сыныптары арасында "Дос іздеген бота" ертегісі сахналанды. Оқушылар өз рөлдерін жоғары деңгейде, үлкен шеберлікпен орындап шықты. Сахналық қойылымда белсенділік танытқан әр оқушы ынталандыру сыйлығына ие болды. Мемлекеттік тілдің мәртебесі қашанда арта берсін. Сахналық қойылымға атсалысқан бастауыш қазақ тілі мұғалімдеріне үлкен алғыс.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Халенова Мадина Амангельдиновна және Құсаинов Кабдулкарим Айтмаганбетович. Мағжан Жұмабаевтың 130 жыл толуына орай «Мен жастарға сенемін» атты тақырыптық апталықта 10 «В,Г» сынып оқушыларының арасында дөңгелек үстел іс-шарасы өткізілді. Қазақтың ұлттық ақыны Мағжан Жұмабаев өмірі,шығармашылығы туралы оқушылардың ойын дамытуға,сөйлеу қабілеттілігін арттыруға, ұлтын сүюге тәрбиелеу жұмысын жүргізілді.Оқушылар іс-шараға өте белсенді қатысып сұрақ-жауаптар арқылы және Мағжан Жұмабаевтың өлеңін мәнерлеп жатқа оқығандар,10 «Г» сынып оқушылары: Жексембекова Дарина «Мен жастарға сенемін».Бузылёва Рубина «Ана», Черняева Елизавета «От». 10 «В» сынып оқушылары белсенді сұрақтарға жауап бергендер : Тилебалдиева Асема, Зияш Диана, Солоник Юлия, Жаксылыков Мухамед. Іс-шараны әдемі ән-күймен толықтырған оқушылар 9 «Г» сынып оқушысы Абдумуталипова Лаура «Біздің жақта», «Халяулім» әнін орындаса, Карбай Амина 10 «В» сынып оқушысы қобызбен әсем күй орындады. Мектеп диреторы Букушев Асылбек Бейсенбаевич оқушыларға Алғыс хат беріп сөз сөйледі. Іс-шара өте толық маңызды, қызықты болып өтті.