Іс-шаралар

5 «Д» сынып оқушыларының қатысуымен тарихи тұлға Темірбек Қараұлы Жүргеновтың 125-жылдық мерейтойы қарсаңында «Асыл өнердің алып нары» атты кемеңгер қоғам қайраткерінің өмірі мен шығармашылығы туралы тәрбие сағаты өтті. Сабақтың барысында оқушылар үш топқа бөлініп « Саясат сатысында», «Зерделі зеріттеуші», «Көрнекті көсемсөзші» тақырыптары бойынша зерттеп келген мәліметтерімен таныстырды.
Математика, информатика және физика пәні апталығы аясында 11 "А" сынып оқушыларымен алгебра пәнінен "Санның логарифмі. Негізгі логарифмдік тепе-теңдік. Логарифмнің қасиеттері." тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында белсенді әдіс-тәсілдер қолданылды. Сабақта"Тарсио" әдісі оқушылар үшін қызықты болды. Жеке және топтық жұмыста болды. Оқушылар жоғары білім деңгейлерін көрсетті. Осы сабақты қызықты қылып өткізген мектебіміздің математика пәні мұғалімі Шама Ерікгүл.
Математика, информатика және физика пәндері апталығы аясында мектебіміздің информатика пәні мұғалімі Арайлым Уристемқызы 10 "А" сынып оқушыларымен сабақтан тыс "Миллион кімге бұйырады?" интеллектуалды ойынын өткізді. Ойын барысында оқушылар информатика пәні бойынша қызықты сұрақтарға жауап берді. Оқушылар пән бойынша білімдерін көрсетіп, грамоталармен марапатталды.
Математика, информатика және физика пәндері апталығы аясында мектебіміздің информатика пәні мұғалімі Арайлым Уристемқызы 10 "А" сынып оқушыларымен "HTML тілінде Веб парақша дайындау" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта интерактивті құралдарды пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты.
9 ақпан күні 9«а» сыныбында тарих пәні мұғалімі Нугуманова Ж.Д. ұйымдастыруымен «Осы жұрт Атилланы біле ме екен ?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: Аттила туралы ежелгі авторлардың пікірлеріне талдау жасай отырып, Аттиланың тарихтағы орнына баға беру. «Дөңгелек үстел» барысында оқушыларға Атилла туралы видеосабақ көрсетілді. Оқушылар батыс ғұн тайпалар одағының аты аңызға айналған көсемі туралы деректерге сүйене отырып, Атилланың өмірі, Еуропаға жорығы, Еділ ханзаданың тарихтағы алар орны туралы пікір алмасты. Дөңгелек үстелге мектеп директоры Букушев А.Б., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сармолда С.А. және Атилла клубының жетекшісі, география пәні мұғалімі Тургамбекова А.Б. қатысты. Ғұн империясының даңқын аспанға шығарған жаужүрек Еділ қағанның адамзат тарихында өзіндік орны бар тарихи тұлға екенін кейінгі ұрпағымыз ұмытпауға тиіс.
10 ақпан күні мектебімізде ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті. Ауғанстан аумағынан әскерлердің шығарылуы жыл сайын 15 ақпанда атап өтіледі, өйткені дәл осы күні 1989 жылы Ауғанстандағы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің соңғы бөлімшелері Ауғанстан Демократиялық Республикасының аумағынан шығарылды. Кездесу барысында мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары ардагерлерге сұрақтар қойып, ашық әңгіме жүргізді. Кездесуде білім алушылар қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Ардагерлер өз ойларымен бөлісіп қана қоймай, қазіргі жастарға бейбіт өмірді сақтауға, түрлі арандатушылыққа бой алдырмауға, Отанды қорғауға дайын болуға шақырды. Осы іс-шараны ұйымдастырып, ардагерлердің алдында өнерлі оқушыларды дайындаған мектебіміздің география пәні мұғалімі, педагог-шебер Тургамбекова Алма Базаргалиевна
Математика, информатика және физика пәндері апталығында 7«А» сыныбында «Қысқаша көбейту формулалары» тақырыбымен ашық сабақ өтті. Сабақ барысында, рондом топқа бөлу әдісі, формулаларды қайталау мақсатында Kahoot платформасында сұрақ-жауап әдісі, жеке жұмыс, жұптық жұмыс және топтық жұмыстар орындалды.Сергіту сәті қызықты әрі пайдалы ұйымдастырылды. Кері байланыс Answergarden платформасында жүргізілді. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, білімдерін шыңдады. Пән мұғалімі: Бейбітхан К.
“Қазіргі жастарда патриоттық рух бар ма?” тақырыбында 9 “А” сыныбында дебат ұйымдастырылды. Бүгінгі Қазақстанның тәуелсіздігінің нығаюы мен дамуының обьективті шарттарының бірі – ол осы қазақстандық патриотизм. Отансүйгіштік деген ұғым өзің жаралған топырақ пен өскен ортаға деген ізгі сезімді білдірмейді, аясы әлдеқайда кең ұғым. Елдік, бірлік, халықтық қасиет-қазыналарды қастерлеу мен ертеңге деген берік сенім сияқты сезімдерді оятатын да осы отансүйгіштік. Оның қоғам дамуында айырықша орын алатын құдіретті рухани факторға айналуының сыры да осында жатыр. Жас ұрпақтың бойында саяси мәдениетті қалыптастыру үшін дебат клубының берері көп.
Бүгін мектебімізде 5 сыныптар арасында “Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт” жобасы аясында мектепішілік “Бір сынып, бір кітап” тақырыбында оқыған шығармаларынан көрініс қою байқауы өтті. Мақсаты: Өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығын арттыру, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, мәдениетін қалыптастыру, кқркем шығармаларды насихаттау, кітапханаға келуші оқырман санын ұлғайту. Өткізілген іс-шарада оқушылар шығарма мазмұнына сай өз өнерлерін ортаға салды. Оқушылардың өнерлерін тамашалап, әділқазылар алқасы байқау соңында жүлделі орындармен марапаттады. 1 орын 5 “А” сыныбы 2 орын 5 “Б, Д” сыныптары 3 орын 5 “В, Г” сыныптар иеленді. Ұйымдастырып, атсалысқан сынып жетекшілерге алғыс білдіреміз! Жоба жұмысы жалғасын тауып, оқырмандар саны көбейеді деген сенімдеміз.
6 сыныптар арасында “Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт” жобасы аясында мектепішілік “Бір сынып, бір кітап” тақырыбында оқыған шығармаларынан сахналық қойылым қою байқауы өтті. Мұхтар Мағауиннің "Бір атаның балалары" шығармасынан үзінді көрсетті. Мақсаты: М.Мағауиннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде мағлұмат бере отырып, шығармадағы Ахмет шал мен Зекен бойындағы өнегелі қасиеттерді үлгі ету. Оқушыларға шығарма кейіпкерлерін сомдата отырып, шығармашылыққа баулу, сөйлеу шеберліктерін шыңдау, әртістік қабілеттерін дамыту. Балаларды адамгершілікке, бауырмалдыққа, достыққа тәрбиелеу. Оқушылардың өнерлерін тамашалап, әділқазылар алқасы байқау соңында жүлделі орындармен марапаттады. 1 орын 6 “Б” сыныбы 2 орын 6 “А” сыныбы 3 орын 6 “В, Г” сыныптары иеленді. Ұйымдастырып, атсалысқан сынып жетекшілерге алғыс білдіреміз! Жоба жұмысы жалғасын тауып, оқырмандар саны көбейеді деген сенімдеміз.
Мектебімізде «Бір сынып – бір кітап» байқауы жалғасын табуда. Кітап – ақылшы дос, асыл қазына. Кітап жайында қандай теңеу айтсаң да артық етпес. Кітап арқылы оқушылардың шабыттанатыны да рас. Осыған орай, «Бір сынып – бір кітап» байқауы 7 сыныптар арасында Б. Соқпақбаевтың “Балалық шаққа саяхат” әңгімесінен үзінділер көрсетті. Мақсаты: Қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту. Ойлау қабілеттерін, көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту. Елжандылыққа тәрбиелеу. Әділқазылардың шешімі бойынша жүлделі орындар берілді. 1 орын 7 "А,Г" сыныптары иеленді 2 орын 7 "Б,В" сыныптары иеленді 3 орын 7 "Д" сыныбы иеленді Ұйымдастырып, атсалысқан сынып жетекшілерге алғыс білдіреміз!