30 қаңтар күні 62 мектеп-лицейінде орыс сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің онкүндік аясында 5 сынып оқушылар арасында "Сөзмерген" танымдық ойын ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың тіл тазалығын сақтау,мәдениетті сөйлеу,қазақ тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру. Сыныптан тыс іс-шараны орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері Мукашева А.А.Кулетова Ж.С өткізді. Танымдық сайысқа қатысушы топтар 6 кезең бойынша өз бақтарын сынады.Әрбір кезеңнің өзіндік ерекшелігі болды: Шапшандық кезеңі бойынша оқушылар сөздің құрамындағы әріптерді пайдаланып ,жаңа сөздер құрастыра білді.Суреттер сөйлейді кезеңінде мазмұнды суреттер бойынша сюжетті ,шағын әңгіме жаза білді. Көркем сөз оқу кезеңінде өлеңдерді нақышына келтіріп оқи білді және т.б. Сайыс қорытындысы бойынша әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша көп ұпай жинаған ''Болашақ" тобы 1 орынға ие болып,мақтау қағазымен марапатталды. Сондай-ақ ,мың құбылта күй ойнағанды Аббас Айдын 'және көрермендер арасынан сұрақтарға толық жауап берген 5 К сынып оқушысы Аббасова Нұрай "Алғыс хат" марапаталды'. Танымдық ойын барысында ерекше көзге түскен Бейсенбаева Айназда "Алғыс хат" марапатталды.Жалпы "Сөзмерген" танымдық ойынға оқушылар белсене қатысып,әр тапсырмаға мұқият болды . Танымдық іс-шара оқушылар бойында тілге деген құрмет сезімін қалыптастырды .