Article Index

Мақсаты:

Мектептегі оқу кезеңінде қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуал жасау және оқу процесіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету арқылы оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтауға ықпал ету.

Міндеттері:

 -  білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту және табысты әлеуметтену қабілетін қалыптастыру;

-  оқушыларға, ата-аналар мен педагогтарға психологиялық, консультациялық көмек көрсету

-   мектептің психологиялық қызметінің жемісті қызметіне барлық педагогикалық құрамды және ата-аналар  комитеттерінің өкілдерін белсенді тарту;

-   білім беру процесіне қатысушылардың барлығының психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру;

-   психодиагностикалық және психокоррекциялық жұмыстарды жүзеге асыру;

-   оқушылардың қолайлы психологиялық ахуалы үшін жағдай жасау 

Психологқа сұрақ қою
"Өмірге "Иә" деп айт!" акциясы
"Өмірге "Иә" деп айт" қалалық акциясы аясында оқушылар мен ата-аналарға арналған тақырыптық стендтер рәсімделді және жаңартылды. Балаларға психологиялық көмек көрсететін мекемелердің байланыс деректері бар ақпараттық парақтар таратылды.