03.02.2023 ж. Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің қорытынды "Мен жастарға сенемін" атты әдеби-музыкалық кеші өткізілді. Кеште он күн бойы өткізілген іс-шаралардан мектебіміздің ең үздік деп таңдалған талантты оқушылары ән-би, ұлттық аспаптарда күй тартып, сахналық қойылым мен атақты Мағжан атамыздың өлеңдерін нақышына келтіріп мәнерлеп оқып, өз өнерлерін көрсетті. Кешке белсене қатысқан барлық оқушыларға алғыс хат табысталды. Мектебімізде осындай іс-шаралар жалғасын таба берсін. Мемлекеттік тіліміз - Қазақ тілінің мәртебесі арта түссін.