6 сыныптар арасында “Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт” жобасы аясында мектепішілік “Бір сынып, бір кітап” тақырыбында оқыған шығармаларынан сахналық қойылым қою байқауы өтті. Мұхтар Мағауиннің "Бір атаның балалары" шығармасынан үзінді көрсетті. Мақсаты: М.Мағауиннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде мағлұмат бере отырып, шығармадағы Ахмет шал мен Зекен бойындағы өнегелі қасиеттерді үлгі ету. Оқушыларға шығарма кейіпкерлерін сомдата отырып, шығармашылыққа баулу, сөйлеу шеберліктерін шыңдау, әртістік қабілеттерін дамыту. Балаларды адамгершілікке, бауырмалдыққа, достыққа тәрбиелеу. Оқушылардың өнерлерін тамашалап, әділқазылар алқасы байқау соңында жүлделі орындармен марапаттады. 1 орын 6 “Б” сыныбы 2 орын 6 “А” сыныбы 3 орын 6 “В, Г” сыныптары иеленді. Ұйымдастырып, атсалысқан сынып жетекшілерге алғыс білдіреміз! Жоба жұмысы жалғасын тауып, оқырмандар саны көбейеді деген сенімдеміз.