«Байқоңыр бағымыз ба, сорымыз ба?» тақырыбында дебат турнирі  өткізілді

«Сөз додасы» дебат клубының ұйымдастыруымен  «Байқоңыр бағымыз ба, сорымыз ба?» тақырыбында дебат турнирі  өткізілді. Дебатқа  9«в» сынып  оқушыларынан құралған (Мыңбай Д. Кенжибулатов Р.,  Турганалиева А) «Зымыран» тобы және 9 «г» сынып  оқушыларынан құралған (Абдумуталипова Л., Дәуренқызы А.,  Ахмедова А.) «Магеллан» топтары қатысты.  9 «А» сынып оқушылары  Калимова Д. дебат ойынына төрешілік етіп, кемшіліктер мен артықшылықтарды айтып, жеңімпазды анықтауға тырысса, тайм-кипер Шестакова Д. дебат ойынында спикердің сөз сөйлеу уақытын көрсетіп, уақыт регламентін қадағалап отырды. Дебат турниріне қатысушы   спикерлер  адамды алғаш ғарышпен табыстырған  Байқоңыр ғарыш айлағының пайдасы мен зиянды жағы және Қазақстандық қоғамда орын алған өзекті мәселелі жағдайларды талдап, өз көзқарастарын, нақты мәселелерді шешу жолдары мен тетіктерін табуға тырысты. Шешендік өнері  сынға түскен екі топта  бір-бірінен қалыс қалмады.   Дебат соңында ой ұшқырлықтарын көрсете  білген 9 «Г» сыныбынан құралған «Магеллан» тобының спикерлері жеңімпаз деп танылды. Білім алушылардың жалпы мәдени ой-өрісін кеңейту, оқушылар арасындағы академиялық білім деңгейін көтеру, білім алушылардың шешендік сөйлеу өнері дағдыларын қалыптастыруда дебат клубының  берері көп.

“Қазіргі жастарда патриоттық рух бар ма?” тақырыбында 9 “А” сыныбында дебат ұйымдастырылды.

Бүгінгі Қазақстанның тәуелсіздігінің нығаюы мен дамуының обьективті шарттарының бірі – ол осы қазақстандық патриотизм. Отансүйгіштік деген ұғым өзің жаралған топырақ пен өскен ортаға деген ізгі сезімді білдірмейді, аясы әлдеқайда кең ұғым. Елдік, бірлік, халықтық қасиет-қазыналарды қастерлеу мен ертеңге деген берік сенім сияқты сезімдерді оятатын да осы отансүйгіштік. Оның қоғам дамуында айырықша орын алатын құдіретті рухани факторға айналуының сыры да осында жатыр. Жас ұрпақтың бойында саяси мәдениетті қалыптастыру үшін дебат клубының берері көп.

«Қазақстан 2050жылы бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосыла ала ма?» тақырыбында дебат өткізілді

Тарих бірлестігінің онкүндігі аясында 22-желтоқсан күні тарих пәні мұғалімі Нугуманова Ж.Д. ұйымдастыруымен «Қазақстан 2050жылы бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосыла ала ма?» тақырыбында дебат өткізілді. Мақсаты: оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына, өзіндік пікірінің қалыптасуына ықпал жасау, танымдық ойлау қабілеттерін дамыту. Дебат төрайымы: Әбдікәрім Ғазиза , уақыт төрешісі: Бекбергенов Темірлан. Дебат барысында «жақтаушы» топ Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бастап, бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістіктерін саралай келе 2050 жылы еліміз бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіре алатынына толық сенім білдірсе, «даттаушы» топ Қазақстан 2050 жылға 30 елдің қатарына кірудің мүмкін емес екендігін, еліміздің экономикасының әлсіз тұстарын айтып өз ұстанымдарын дәлелдеуге тырысты. Дебатқа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мадибекова С.З., мектеп инспекторы: Шалабаев Ж.А., тарих пәні мұғалімдері: Кадирова А.Т., Бөрібай О. және қазақ тілі пәні мұғалімі Әлімбекова С.Т. қатысып, дебат соңында оқушыларға ыстық ықыластарын білдірді.

«Экологиялық проблемаларды шешу жолы бар ма?»тақырыбында дебат өткізілді

9 «а» сынып оқушылары арасында «Экологиялық проблемаларды шешу жолы бар ма?»тақырыбында дебат өткізілді. Дебатты 10 «а» сынып оқушылары Әбдікәрім Ғазиза мен Бекбергенов Темірлан жүргізді. «Жасыл әлем» атты жақтаушы топтың құрамында Нұрдана, Қарақат, Ақниет, Арайлым, Мерей, «Ғасыр қасіреті» атты даттаушы топтың құрамында Даяна, Айсауле, Дильназ, Асылайым, Асел қатысып, тақырыпқа сай екі топ дебатерлері де материалдарын жинақтап, оны зерделеп, басты ұстанымдарын анықтап , осы критерийлерді айқындайтын аргументтерді дәлелі мен логикалық бірізділікке негіздей білді. Дебат соңында мектеп директоры Букушев А.Б, тәрбие ісінің меңгерушісі: Мадибекова С.З. және дебат клубының жетекшісі Нугуманова Ж.Д. сөз алып, оқушыларға ыстық ықыластарын білдірді.

10 «А» сынып оқушылары арасында “Оқитын адам ойлаушы тұлға” тақырыбында дебат өткізілді

Қоғамның әлеуметтік және саяси бағытталған азаматтарын қалыптастыру мақсатында «№62 мектеп –лицейінің» 10 «А» сынып оқушылары арасында “Оқитын адам ойлаушы тұлға” тақырыбында дебат өткізілді. Пікірталас барысында “Ақ орда” және “Эйнштейн” тобының мүшелері британдық форматта өз ұстанымдырына мысалдар келтіріп нақты фактілермен дәлелдеуге тырысты. Шешендік өнері сынға түскен екі топтың дәлелдері мен мысалдары бір-бірінен қалыс қалмай ой ұшқырлықтарын көрсете білді. Дебатқа мектеп директоры Букушев Асылбек Бейсенбайұлы қатысып өз пікірін білдіріп, оқушыларға сәттілік тіледі. «Сөз додасы» дебат клубының жетекшісі Нугуманова Ж.Д, дебатты өткізуге атсалысқан «Өзін-өзі басқару ұйымының министрі Әбдікәрім Ғазизаға алғыс білдіреміз. Жас ұрпақтың бойында саяси мәдениетті қалыптастыру үшін дебат клубының берері көп.