Іс-шаралар

7.09.2023 Ежегодно в начале учебного года утверждается антикоррупционный стандарт

5.09.2023 Практические занятия с учащимися 7 классов на тему « Оказание первой помощи»

4.09.2023 с учащимися 9 классов проведена встреча с военнослужащими

01.09.2023 Сегодня — праздник начала нового учебного года, прежде всего для учеников и учителей.

Мектебімізде 8-10 сыныптар арасында “Менің елім” тақырыбында патриоттық әндер байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: Жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл - қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап өткен. Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге өскелең ұрпақ міндетті, бүгінгі бақытты күн үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл - қыздары. Әділ қазылардың шешімі бойынша; ✅ Бас жүлде 8 “Б” сынып ✅ 1 орын 8 “Г” сынып ✅ 2 орын 10 “А”, 8 “А” сыныптар ✅ 3 орын 9 “А”, Г”, сыныптар иеленді. Қалған сыныптар қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік.
Бокстан республикалық жарыс өтті. Сол жарысқа мектебімізден 9 оқушы қатысты. 1 орынға Мұратбек Айымжан,Тұрғынбек Алдияр, Оразқұл Мұхамедәлі, 2 орынға Бахытжан Батыр, Нұржанұлы Ханкелді, Алимжан Мадияр, 3 орынға Магзум Айсат, Алимжан Батыр, Ермат Арсен ие болды. Бұл жарысқа Қарағанды, Ұлытау, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Маңғыстау облыстарының және Алматы қаласының үздіктері қатысқан болатын. Оқушыларымызды осындай жоғары дәрежеде дайындаған мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Дөрбетхан Ерлан. Оқушыларымыз бен жаттықтырушысын құттықтаймыз. Бұдан да биік белестерді бағындыруын тілейміз!
13 мамыр күні мектебіміздің оқушылары “Жасыл мекен” республикалық челленджіне қатысты. Осы экологиялық акцияға Оқу-ағарту министрлігінің өкілі Ибраимов Асқар Изимбаевич, білім беру ұйымымыздың директоры Букушев Асылбек Бейсенбаевич, мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары қатысты. #ЖасылМекенАстана, #мектептіңөзін-өзібасқаруы, #өзін-өзі_басқару
12 мамырда мектеп-лицейімізде терроризмге қарсы қорғаныс жаттығулары өтті. Аталған оқу-жаттығулары барысында мектеп қызметкерлерімен және оқушыларымен нұсқаулық өткізілді. Қызметкерлер мен оқушыларды эвакуациялау, техникалық құралдарды тексеру ұйымдастырылды. Бұл практикалық іс-шаралар терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша білім мен практикалық дағдыларды жетілдіру үшін қажет, өйткені соңғы уақытта оқушылар үшін терроризмге қарсы қауіпсіздік мәселесі ерекше өткір болып тұр.
Мектебімізде жас мамандар мен тәлімгерлердің байқауы өтті. Бұл байқауға кәсіби өмірге енді қадам басып келе жатқан, жоғары оқу орнын бітіріп, өзінің алғашқы еңбек жолын біздің мектепте бастаған жас мамандар мен жыл бойы өз білімдерін, тәжірибесін бөліскен тәлімгерлер қатысты. Осы оқу жылында мектебімізге жоғары оқу орнын бітірген 6 жас маман келді. Бұл байқауға 4 жас маман қатысып, өздерінің жыл бойы үйренген әдіс-тәсілдерін, жеткен жетістіктерін және өз өнерлерін таныстырды. Біздің жас мамандар ән де айтады, поэзияға да қызығады, зергерлік бұйымдар да жасай алады. Ал тәлімгерлеріміз болса өздерінің бар білгенімен жас әріптестерімен бөлісіп, оларға барынша қолдау білдіріп, мектепте жас ұстаздардың жұмысқа барынша бейімделуіне өз ықпалдарын тигізіп келеді. Осындай байқаулар жастар арасында өзара тәжірибе алмасуға, бір-бірімен жақынырақ танысуға көмектеседі. Жастарымыз қаншалықты жақын араласып, жұмыста өзара ынтымақтастық жасаса мектебіміз жаңарып, жаңа креативті ұсыныстар түседі деп ойлаймыз. Тәлімгерлеріміздің жыл бойы жемісті атқарған жұмысына алғыс білдіріп, жас мамандардың кәсіби өміріне сәттілік тілейміз!
5 сынып оқушылары қазақ әдебиеті сабағынан «Нағыз әже қайда?» атты әңгімесіне байланысты танымдық, пікір алмасу сабағын өткіздік. Осы танымдық сабаққа «Бабалар аманаты» тарихи мәдени қорынан, «Ақ кимешек - киелім» астана аналары қонаққа келді. Төрайымы: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Арайлым Рахымқызы. Мақсатымыз «Нағыз әжені көру, білу, тану» еді. Оқушылар осы қордан келген әжелермен сұхбаттасып, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды. 5 «В» сынып оқушылары: Сьезд Әлихан М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» деген өлеңін орындады, Ерғали Айару қыл қобызбен күй орындады, Жамиева Рабиға мың бұралып ұлттық биімізді орындады. Келген қонақтарымыз да, оқушыларымыз да көңілді, риза болып танымдық сабағымызды аяқтадық. Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Салтанат Зиятбекқызы қордың «Ақ кимешек - киелім» әжелерімен алдағы уақытта ұлттық құндылығымызды дәріптеп, бірлесіп жұмыс жасауды ұсынды, алтын уақыттарын арнап келген әжелерімізге алғысын білдірді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері: Салтанат Зиятбекқызы, Салтанат Тілеубекқызы.
Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында 4 мамыр күні 10-11 сынып оқушылары арасында «Біз батырдың ұрпағымыз!» тақырыбында жас сарбаздар сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: оқушылардың Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру, Қазақстан халқының ұлттық, әскери, еңбек дәстүрлерін жалғастыру. Сайысқа 10 «А» сыныбынан құралған «Мәншүк Мәметова» атындағы топ, 10 «Б» сыныбынан құралған «Рақымжан Қошқарбаева атындағы топ және11 «А» сыныбынан құралған Әлия Молдағұлова атындағы топтар қатысты. «Білімді мыңды жығады» атты І кезеңде оқушылар Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ жауынгерлері туралы сұрақтарға жауап берді. «Еңбек ептілікті сүйеді» тақырыбындағы ІІ кезеңде ұлдар картоп ашудан, қыздар түйме қадаудан сынға түсті. «Шынықсаң шымыр боласың» атты ІІІ кезеңде гир тасын көтеру, отжимания жасау және арқан тартудан күш сынасты. «Өнерлінің өрісі кең» атты IV-кезеңде сайыскерлер сахналық қойылым қойып, ән айтып өз өнерлерін көрсете білді. Сайыс соңында әділ қазылар алқасы оқу ісінің меңгерушісі: Сармолда С.А., мектеп менеджері Шалабаев Ж., алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі: Махат Б.Ж. сайыстың қорытындысын шығарып, жеңген командаларды анықтады. Нәтижесінде «бас жүлде» -10 «А» сыныбы, І-орын 11 «А» сыныбы, 10 «Б» сыныбы ІІ-орынға ие болды. Сайыс соңында мектеп директоры Букушев А.Б. сайысқа қатысқан командаларға риза болып, ыстық ықыласын білдірді. « Тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін біз жанымызбен,тәнімізбен қызмет етеміз тіпті сол үшін жанымызды пида қылуға дайынбыз деп өзімізді де,жастарды да тәрбиелеуіміз керек» ҚР тұңғыш президенті Н.Назарбаев айтқандай жүрегі «елім» деп соғатын тұлғаны тәрбиелеуде осындай іс-шаралардың ықпалы зор. Сайысты ұйымдастырушы: тарих пәні мұғалімі Нугуманова Ж.Д.
Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақты тәрбиелеу мақсатында №62 мектеп –лицей ұжымы 2023 жылдың 4 сәуірінде сағат 11.00-дегі «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктантты бір кісідей үлкен жауапкершілікпен атқарды. Мектебіміздің аралас сыныптарындағы оқушылар мен мектептің барлық қызметкерлері тілді білу, сауатты жазу, ұлттық құндылықтарды терең игеру деңгейлерін сынауда белсенділік танытты. Жаппай диктант жазу барысында әр тұлғаның патриоттық сезімдері жалынды оттай керемет күйге бөленді. Өз ұлтым, өз жұртым, өз тілім, өз жерім дейтін патриоттар - диктант мәтінін зор мақтанышпен орындады. Өзге тілде сабақ жүргізетін мұғалімдеріміз ұлттық тілдегі «Еркін ел ұрпағы» атты мәтінді насихаттауға мүдірместен даяр болды. Ғасырлар бойы тәуелсіздік пен бостандықты аңсаған ата-бабаларымыздың арманына куә болған ұрпақ, халқымыздың қайсар рухын жалындатуға, биік шыңда асқақтатуға әрқашанда дайын!