Жобаның мақсаты

Оқу мәртебесін, оқу сауаттылығын және оқу сапасын арттыру, сондай-ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, отбасылық кітап оқу дәстүрін арттыру.




"Жас ұлан" ұйымының оқушылары "Өзің оқып, өзгеге ұсын" READx book дөңгелек үстел ұйымдастырды

Республикалық "Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт" жобасын іске асыру мақсатында, мектебіміздің "Жас ұлан" ұйымының оқушылары "Өзің оқып, өзгеге ұсын" READx book дөңгелек үстел ұйымдастырды. Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа» деп насихаттаған. Мағыналы сөздерден кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі екенін түсініп, оқушыларымыздың оқуға деген құштарлығын арттыруға үлестерін қосып жатқан оқушыларымызға алғыс білдіреміз.


9 "Г" сыныбы “Өзің оқып, өзгеге ұсын” READx book дөңгелек үстелін өткізді

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі-білім қазынасы. Ал, білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап-адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Кітап дегеніміз-алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік- деген еді Ғабит Мүсірепов. Республикалық “Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт" жобасы аясында 9 "Г" Жас сарбаздар сыныбы “Өзің оқып, өзгеге ұсын” READx book дөңгелек үстел үстінде кітап таңдап, талғап оқып біліп, алған әсерлерімен өмір қажетіне жарата білу-әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтынын алғы шарттардың бірі екендігін талқылап өз өнерлерімен бөлісті.


"Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт"

"Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт" жобасы аясында мектебіміздің барлық оқушылары дүйсенбі күні сынып сағаттарында 20 минут әдеби шығарма оқуға арнайды. Бұл уақытта оқушылар сынып болып бір әдеби кітапты оқуы мүмкін немесе әр оқушы өз қалауы бойынша кітапты таңдап оқиды. Сыныппен бірге кітап оқығанда оқушылар бір-бірімен кітаптың мазмұнымен бөлісіп, бір-біріне кітап оқуды насихаттайды. Айына бір рет оқушылар өздеріне ұнайтын кітаптың мазмұнымен сынып оқушыларын таныстырады.

Кітапхананың ең басты байлығы – кітап.

Кітапхананың ең басты байлығы – кітап. Бірақ оқырманы жоқ кітапхана тек кітап сақтау орны екенін ұмытпауымыз керек. Біздің кітапханаға тамаша мұғалімдер, мектеп оқушылары және олардың ата-аналары келеді. Тек барып қана қоймай, кітаптарды сыйға тартады. Ал кітапхана үшін де, оқырмандар үшін де ең бағалы сыйлықтар, әрине, кітаптар. Біздің мектептің көптеген оқушылары оларды кітапханаға сыйлаған болатын. Бұл жолы олар 8 «Д» және 7 «Л» сынып оқушылары Жаһангир мен Тарлан Бексұлтановтар болды.
№62 мектеп-лицейінің кітапханасы сыйға тартқан кітаптары үшін барша оқушыларымызға және олардың ата-аналарына үлкен алғысын білдіреді! Олар міндетті түрде кітап сөрелерінен орын алып, өз оқырманын табады.

Бір сынып, бір кітап

8 сыныптар арасында “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында Бауыржан Момышұлының “Ұшқан ұя” романынан “Бір сынып, бір кітап” байқауында сахналық қойылым қою арқылы мазмұнына тоқталды. Байқау соңында жеңімпаздарды анықтап жүлделі орындармен марапатталды.
1 орын 8 "А" сынып
2 орын 8 "Б" сыныбы иеленді
Бауыржан Момышұлы ұлылығын терең сезіну, қайталанбас азамат тұлғасынан үлгі алу, Бауыржан шыншылдығын бойларына сіңірсе нұр үстіне нұр болар еді. Бабалар сөзін болашақ өмірімізге өнеге тұтып жүретін еліміздің отансүйгіш азаматтары сендерсіңдер, жас ұрпақ!

Бір сынып, бір кітап

Мектебімізде “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында 10 сыныптар арасында “Бір сынып, бір кітап” байқауы жалғасты. Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романына мазмұндық талдау жасай отырып, шығарма тілінің көркемдік ерекшелігі мен жазушының образ сомдаудағы шеберлігін танытты. Мақсаты: Адамгершілікке, ананы аялауға, адами, мәдени құндылықтарды бағалай білуге, ұлттық салт-дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың өнерлері өрге жүзсін, керемет қойылымның куәсі болдық. 1 орын 10 "А" сынып 2 орын 10 "Б" сынып иеленді Ұйымдастыруға атсалысқан сынып жетекшілерге алғыс білдіреміз!

Бір сынып, бір кітап

Мектебімізде «Бір сынып – бір кітап» байқауы жалғасын табуда. 9 сыныптар арасында Бейімбет Майлиннің “Шұғаның белгісі”және Сайын Мұратбековтің “Жусан иісі” повестерін оқып сахналық қойылым көрсетті. “Бұлақ көрсең, көзін аш” демекші, қаншама дарынды жастардың өнер айдынына еркін қанат қағып, самғау биігіне көтерілулеріне себепкер болу міндетіміз. Байқау соңында әділқазылар алқасы жүлделі орындармен марапаттады. 1 орын 9 “А,В” сыныптары 2 орын 9 “Б” сыныбы 3 орын 9 “Г” сыныбы иеленді. Оқушылардың актерлік шеберліктеріне тәнті болып, шыңдала берулерін тілейміз. Ұйымдастырушы сынып жетекшілерге алғыс білдіреміз!

Бір сынып, бір кітап

Мектебімізде «Бір сынып – бір кітап» байқауы жалғасын табуда. Кітап – ақылшы дос, асыл қазына. Кітап жайында қандай теңеу айтсаң да артық етпес. Кітап арқылы оқушылардың шабыттанатыны да рас. Осыған орай, «Бір сынып – бір кітап» байқауы 7 сыныптар арасында Б. Соқпақбаевтың “Балалық шаққа саяхат” әңгімесінен үзінділер көрсетті. Мақсаты: Қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту. Ойлау қабілеттерін, көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту. Елжандылыққа тәрбиелеу. Әділқазылардың шешімі бойынша жүлделі орындар берілді. 1 орын 7 "А,Г" сыныптары иеленді 2 орын 7 "Б,В" сыныптары иеленді 3 орын 7 "Д" сыныбы иеленді Ұйымдастырып, атсалысқан сынып жетекшілерге алғыс білдіреміз!

Бір сынып, бір кітап

6 сыныптар арасында “Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт” жобасы аясында мектепішілік “Бір сынып, бір кітап” тақырыбында оқыған шығармаларынан сахналық қойылым қою байқауы өтті. Мұхтар Мағауиннің "Бір атаның балалары" шығармасынан үзінді көрсетті. Мақсаты: М.Мағауиннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде мағлұмат бере отырып, шығармадағы Ахмет шал мен Зекен бойындағы өнегелі қасиеттерді үлгі ету. Оқушыларға шығарма кейіпкерлерін сомдата отырып, шығармашылыққа баулу, сөйлеу шеберліктерін шыңдау, әртістік қабілеттерін дамыту. Балаларды адамгершілікке, бауырмалдыққа, достыққа тәрбиелеу. Оқушылардың өнерлерін тамашалап, әділқазылар алқасы байқау соңында жүлделі орындармен марапаттады. 1 орын 6 “Б” сыныбы 2 орын 6 “А” сыныбы 3 орын 6 “В, Г” сыныптары иеленді. Ұйымдастырып, атсалысқан сынып жетекшілерге алғыс білдіреміз! Жоба жұмысы жалғасын тауып, оқырмандар саны көбейеді деген сенімдеміз.

Бір сынып, бір кітап

Бүгін мектебімізде 5 сыныптар арасында “Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт” жобасы аясында мектепішілік “Бір сынып, бір кітап” тақырыбында оқыған шығармаларынан көрініс қою байқауы өтті. Мақсаты: Өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығын арттыру, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, мәдениетін қалыптастыру, кқркем шығармаларды насихаттау, кітапханаға келуші оқырман санын ұлғайту. Өткізілген іс-шарада оқушылар шығарма мазмұнына сай өз өнерлерін ортаға салды. Оқушылардың өнерлерін тамашалап, әділқазылар алқасы байқау соңында жүлделі орындармен марапаттады. 1 орын 5 “А” сыныбы 2 орын 5 “Б, Д” сыныптары 3 орын 5 “В, Г” сыныптар иеленді. Ұйымдастырып, атсалысқан сынып жетекшілерге алғыс білдіреміз! Жоба жұмысы жалғасын тауып, оқырмандар саны көбейеді деген сенімдеміз.

"Кітапханаға кітап сыйла"

№ 62 мектеп-лицейінде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында өткізілетін "Кітапханаға кітап сыйла"акциясы жалғасуда. Кітапханаға 2 "Ж" сынып оқушылары, 5"Б"және 6"Л" сынып оқушылары, 8 "К" сынып оқушылары және олардын сынып жетекшісі Гулжазира Бақытжановна, 3 "К" сынып оқушысы Галиулин Мансур белсене қатысты.