2026–2027 оқу жылының басында №62 мектеп-лицейінің әлеуметтік паспортына сәйкес төмендегі санаттағы оқушылар бар:
«АӘК алушылар» санатына жататын отбасылардан – 17 оқушы;
«Өзге санат» бойынша – 108 оқушы;
Жетім балалар – 8 оқушы.
Мектептің «Жалпыға бірдей білім беру» («Всеобуч») қоры есебінен аталған санаттағы әрбір балаға мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алу үшін 50 851 теңгеден қаржы бөлінді. Жалпы бөлінген қаражат көлемі – 7 322 544 теңгені құрады.
Сонымен қатар, «Мектепке жол» акциясы аясында аудандық әкімдіктің және серіктес банктердің қолдауымен мектеп сөмкелері мен оқу құралдары түрінде материалдық көмек көрсетілді.
Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету қызметін «АЛИ ЖАС и К» ЖШС көрсетеді. №62 мектеп-лицейінде тегін ыстық тамақ 1–4 сынып оқушыларына, жетім балаларға және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға ұйымдастырылған.
1–4 сыныптар бойынша тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны – 1067 бала.
Сонымен қатар, 5–11 сынып оқушыларының келесі санаттарына да тегін ыстық тамақ беріледі:
аз қамтылған отбасылардан – 83 оқушы;
қамқоршылықтағы балалар – 5 оқушы.
Әлеуметтік педагог: Муратова Айнур Тенельбаевна
Телефон: 8 775 065 25 96
Электрондық пошта: muratovaaaЭтот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
