Іс-шаралар

Шаттық 2023ж байқауының қорытындысы бойынша мектебіміздің қоржынына түскен жүлделер!!! ✅ Алтын медаль иегері Әбдірахман Дария, жетекшісі Омарова Гайни Мукановна ✅ Қола медаль иегері Рамазан Мөлдір жетекшісі Делегат Айман. ✅ Дипломант: Жарова Нұрай, жетекшісі Мадибекова Салтанат Зиятбековна. ✅Дипломант: Бурахан Айым, жетекшісі Делегат Айман. ✅Дипломант: Нишанбай Сабира, жетекшісі Делегат Айман.
Көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін , Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі мектебімізде 1 - сыныптар арасында жоғары жауапкершілікпен атап өтілді. Мерекенің негізгі мақсаты: оқушыларға Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі туралы мағлұмат беру, еліміздің салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын құрметтеуге және оқушылардың ой-өрісін дамытумен бірге талғампаздыққа, әсемдікке баулу. «Салтым-салтанатым, дәстүрім-діңгегім» атты мерекелік іс-шара 1 - сынып мұғалімдерінің бастамасымен жоғарғы деңгейде өтті. Әр сынып ауыл-ауылға бөлінді. Ата-аналар таңдалған дәстүрлерін көрсетіп, оқушылар өз өнерлерін ортаға салды: 1 “А” сыныбы “Ынтымақ” ауылы беташар дәстүрі 1 “Б” сыныбы “Достық” ауылы - шілдехана дәстүрі 1 “В” сыныбы “Бірлік” ауылы - қырқынан шығару дәстүрі 1 “Г” сыныбы “Татулық” ауылы - бесікке салу дәстүрі 1 “Д” сыныбы “Ырыс” ауылы - тұсау кесер дәстүрі 1 “Е” сыныбы “Береке” ауылы - қыз ұзату дәстүрін көрсетті.Мерекелік шара сайыс түрінде ұйымдастырылып, «Ең үздік сахыналық қойылым», «Талантты ата-аналар», «Мың бұралған бишілер» және т.б. номинациялармен марапатталды.
Құрметті әріптестер, оқушылар және ата-аналар! Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін! Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр адамға шат көңіл, бақыт және береке сыйласын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Ізгі ниетпен, №62 мектеп-лицейінің ұжымы!
5-6 сынып оқушылары арасында үстел теннисі бойынша қалалық жарыс өтті. Жарыс қорытындысы бойынша мектебіміздің командасы жүлделі 2 орынға ие болды. Жаттықтырушы Дөрбетхан Ерлан. Жеңімапаздарды мектебіміздің директоры А.Б. Букушев жеке құттықтады.
«Сөз додасы» дебат клубының ұйымдастыруымен  «Байқоңыр бағымыз ба, сорымыз ба?» тақырыбында дебат турнирі  өткізілді. Дебатқа  9«в» сынып  оқушыларынан құралған (Мыңбай Д. Кенжибулатов Р.,  Турганалиева А) «Зымыран» тобы және 9 «г» сынып  оқушыларынан құралған (Абдумуталипова Л., Дәуренқызы А.,  Ахмедова А.) «Магеллан» топтары қатысты.  9 «А» сынып оқушылары  Калимова Д. дебат ойынына төрешілік етіп, кемшіліктер мен артықшылықтарды айтып, жеңімпазды анықтауға тырысса, тайм-кипер Шестакова Д. дебат ойынында спикердің сөз сөйлеу уақытын көрсетіп, уақыт регламентін қадағалап отырды. Дебат турниріне қатысушы   спикерлер  адамды алғаш ғарышпен табыстырған  Байқоңыр ғарыш айлағының пайдасы мен зиянды жағы және Қазақстандық қоғамда орын алған өзекті мәселелі жағдайларды талдап, өз көзқарастарын, нақты мәселелерді шешу жолдары мен тетіктерін табуға тырысты. Шешендік өнері  сынға түскен екі топта  бір-бірінен қалыс қалмады.   Дебат соңында ой ұшқырлықтарын көрсете  білген 9 «Г» сыныбынан құралған «Магеллан» тобының спикерлері жеңімпаз деп танылды. Білім алушылардың жалпы мәдени ой-өрісін кеңейту, оқушылар арасындағы академиялық білім деңгейін көтеру, білім алушылардың шешендік сөйлеу өнері дағдыларын қалыптастыруда дебат клубының  берері көп.
1 наурыз Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі. Азаматтық қорғаныс (АҚ) — бейбіт және соғыс уақытында Қазақстан Республикасы аумағын және халқын заманауи зақымдаушы құралдардан, табиғи және техногенді төтенше жағдайлардан қорғау бойынша жалпы-мемлекеттік іс-шаралар кешенін орындауға міндетті азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің құрамдас бөлігі. Біздің де мектеп Азаматтық қорғаныс бойынша белсенді жұмыс атқарып келеді. Мектебімізде Азаматтық қорғанысқа арналған кабинет бар және де әр жыл мезгілінде мектепте азаматтық қорғаныс бойынша эвакуациялау жұмыстарын жүргіземіз. Азаматтық қорғанысқа арналған кабинетте стендтер орнатылған. Бұл стендттерден оқушылар жалпы азаматтық қорғаныс жайлы мәлімет береді, төтенше жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету, қаланың су айдындарында авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстары жайлы білуге болады. Сонымен қатар мектебімізде 24 қараша күні "Қыс-2022" Республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу жұмыстары өтті. Оқу-жаттығудың тақырыбы: Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау. Сонымен қатар мектебіміздің Жас сарбаздар ұйымы Азаматтық қорғаныс бойынша қалалық өрт сөндіру бөлімдеріне экскурсияға барып, өрт сөндірушілердің жұмысымен танысты. Сондай-ақ оқушылар мұражайда Азаматтық қорғаныс қызметкерлерінің жұмысы және тарихын зерттеді. Осылайша біздің №62 мектеп-лицейіміз Азаматтық қорғаныс бойынша белсенді жұмыс атқарады деп айта аламыз. Соңғы басқа елдерде болып жатқан табиғи апаттар, әр мектепте Азаматтық қорғаныс жұмысына үлкен назар аудару керектігін дәлелдейді. «Сақтансаң – сақтаймын!», деген қорғасын ойды санамызда қорытып, амалымызға айналдырайық. Ешқашан да біздің елімізде апаттар болмасын деп тілейміз.

3 "Г" сынып оқушылары Алғыс айту күніне орай туған елімізге, Отанымызға, халқымызға алғыстарын білдірді. Сондай-ақ оларды тәрбиелеген ата-әжелерін, ата-аналарын, туған туыстары мен бауырларын Алғыс айту күнімен құттықтады.

7 "Г" сынып оқушылары ұстаздарына, ата-аналары мен бауырларына шын жүректен "АЛҒЫС" білдірді

"Өмірге "Иә" деп айт" қалалық акциясы аясында оқушылар мен ата-аналарға арналған тақырыптық стендтер рәсімделді және жаңартылды. Балаларға психологиялық көмек көрсететін мекемелердің байланыс деректері бар ақпараттық парақтар таратылды.


"Өмірге «Иә!» деп айт" қалалық акциясы аясында 2, 3, 4 сынып оқушыларына «Қиын жағдайлардан не үйренеміз?» тақырыбында психокоррекциялық сабақтар өткізілді.
Өмірге «Иә!» деп айт қалалық акциясы аясында 7 сынып оқушыларына өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, көңіл күйді және эмоцияны реттеу, байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында «Мен өмірді таңдаймын!» тақырыбында тренинг өтті.
"Өмірге «Иә» деп айт!" қалалық акциясы аясында 5 сынып оқушыларына достық туралы ұғымын кеңейту және нақтылау, достарға деген қарым-қатынасты қалыптастыру, достықты қадірлей білу, бір-біріне көмек көрсету және қамқор болуға үйрету, қарым-қатынас жасауға көмектесу, қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру мақсатында «Дос болуды қалай үйренуге болады?» тақырыбында тренинг өтті.
"Өмірге «Иә» деп айт" қалалық акциясы аясында 6 сынып оқушыларына достық туралы ұғымын кеңейту және нақтылау, достарға деген қарым-қатынасты қалыптастыру, достықты қадірлей білу, бір-біріне көмек көрсету және қамқор болуға үйрету, қарым-қатынас жасауға көмектесу, қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру мақсатында «Дос болуды қалай үйренуге болады?» тақырыбында тренинг өтті.
"Өмірге «Иә» деп айт" қалалық акциясы аясында 7 сынып оқушыларына достық туралы ұғымын кеңейту және нақтылау, достарға деген қарым-қатынасты қалыптастыру, достықты қадірлей білу, бір-біріне көмек көрсету және қамқор болуға үйрету, қарым-қатынас жасауға көмектесу, қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру мақсатында «Дос болуды қалай үйренуге болады?» тақырыбында тренинг өтті.
"Өмірге «Иә!» деп айт" қалалық акциясы аясында 6 сынып оқушыларына өз-өзін ұстай білуге үйрету, басқаларға қиындық туындаған уақытта көмек көрсету мен өзгенің қиындығына, қуанышына ортақтаса алуға үйрету мақсатында «Егер сізді ренжітсе не істеу керек?» тақырыбында психокоррекциялық сабақ өткізілді.
Әлемнің үш тірегі МИФ апталығы орай сыныптан тыс іс-шара «Математикалық сайыс» 9-сыныптар арасында өткізілді. Шара жетекшісі: математика мұғалімі Аманбаева Мархабат Салғарақызы. 11 «А» сынып қыздары жүргізуші әрі ұйымдастырушы ретінде атсалысты. Сайыс тартысты да қызықты өтті, логикалық есептер шығаруды 9 «Г» сынып оқушысы Қазыбек Мейіржан ерекше көзге түсті. 9 «А» сынып оқушылары есеп шығаруда оқ бойы өзып шықты. Жылдамдықпен дұрыс жауапты белгілей білген 9 «Б» сыныбы жеңіске жетті. Сайыс чемпиондары: Қалдарбеков Бақдаулет, Қырғи Бибатыр және Жумабаева Камила. Қатысқан барлық оқушылар мадақтама қағазымен мараппатталды және тәтті сыйлықтар алды.
Дзюдо күресінен клубаралық қалалық жарыста мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Жауғашты Нұрахмет 1 орынға, Бахытжан Жанали 2 орынға, Орынбай Руслан 3 орынға ие болды. Жеңімпаз оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз. Оқушыларымызды жүлделі орындарға дайындаған мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Арғынбеков Жасұлан Мешітбайұлы.
Жаратылыстану пәндері апталығының аясында химия пәнінен 9 “А” сыныбымен "Аммиак. № 12 зертханалық тәжірибе «Аммиак молекуласының моделі» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар тәжірибе жасау арқылы аммиак молекуласының моделін жасады. Сабақта мұғалім тарапынан белсенді әдіс-тәсілдер қолданылып, BilimLand және Padlet платфомалары да қолданылды. Оқушылар сабақта өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетті. Сабақты жүргізген мектебіміздің химия пәні мұғалімі Аймагамбетова Меруерт Мынжасаровна.