Іс-шаралар

Бүгін Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерей тойына орай "Мен жастарға сенемін" тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ апталығында "Қазақ тілі " 2 сынып оқулығының авторлары: Каирбекова А.И., Нукебаева Б.С., Мухамеджанова А.К. кездесу өтті. Оқулық авторларына сұрақтар қойып, қызықты мәліметтермен бөлісті. Бұл кездесуде 2-сынып оқушылары мен ата-аналары сабаққа белсенді қатысып, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетті.
М.Жұмабаевтың 130 жыл толуына орай "Мен жастарға сенемін" атты тақырыптық апталығында "Жүзден жүйрік" интеллектуалды сайысты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ахметова А.А. 7 сыныптар арасында өткізді. 7 сынып оқушылары интеллектуалды сайысқа белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Жүлделі орын алған оқушылар грамота және алғыс хаттармен марапатталады. 1-орын- «Жаңа ұрпақ» (7 «3» сыныбы) тобы; 2-орын- «Жүректілер» (7 «Л» сынып) тобы: 3-орын- «Болашақ» (7 «Ж» сынып) тобы иеленді.

05.01. күні мектебімізде "Ашық есік күні" форматында ата-аналар жиналысы өтті.

06.01 мектебімізде "Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы зерттеу жұмыстарының маңызы" тақырыбында педкеңес өтті.

Эстетикалық бағыттағы пәндердің онкүндігі аясында 5М сыныбында көркем еңбек пәнінен ашық сабақ өтті.

23 желтоқсан күні Тарих бірлестігінің онкүндігінің жабылу салтанаты ретінде тарих пәні мұғалімі Нугуманова Ж.Д. ұйымдастыруымен 8-10 сынып оқушылары арасында «Тарих толқынында» атты театрландырылған көріністер байқауы өтті.

Мектебімізде Аттила клубы 2020 жылдан бері жұмыс істейді. Қаншама іс -шара өтті. Жоспарға сәйкес қараша айында өтетін іс- шарамыз бүгін өтті.

Биылғы жылы мектебімізде жаңа STEM-кабинет ашылған еді.

"Адал ұрпақ - 2022" еріктілер клубының ұйымдастыруымен 7-8 сыныптар арасында "Қоғамдық тәртіп негіздері" тақырыбында үгіт-насихат топтарының байқауы өтті.

Сабақта мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ, бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні одан да маңыздырақ. Нағыз ұстаз, міне, осынысымен бағаланады. Цицерон.

Биылғы жылы мектебімізде бокс үйірмесі өз жұмысын бастады. Аз уақыттың ішінде оқушыларымыз әртүрлі турнирлерге қатысып жүр. Сондай турнирлердің бірі осы демалыс күндері өтті.