Мектептің 2023 жылғы қаржысы бойынша ата-аналар жиналысы өтті

Мектеп директоры Букушев А.Б. 5-7 қазақ сыныптарының ата-аналарымен кездесіп, жиналыс өткізді. Жиналыстың мақсаты ата-аналар қауымын мектебімізде атқарылған істермен таныстырып, алдағы уақытта жоспарланып отырған іс-шаралармен таныстыру. Жиналыс барысында мектеп басшысы ата-аналарды 2021 жылдың бюджеті және сол жылы атқарылған іс-шаралармен таныстырды, мектепке қандай заттар алынды, қандай жөндеу жұмыстары жүргізілгендігі жайлы айтты. 2022 жыл бойынша да толық бюджет бойынша есеп беріліп, ағымдағы жөндеу жұмыстары барысында салынған жаңа линолеумдарды және заманауи STEM-кабинетін көрсетті. Бұл кабинеттің ерекшелігі жайлы айтты. Ал 2023 жылы тағы да осындай жаңа заманауи кабинеттер алыну жоспарланып отыр. Және де спорттық жабдықтарды да жаңалау жоспарлануда. Жиналыс барысында жалпы мектептің қвржысынан мектеп мұғалімдерінің жалақысына қанша қаржы жұмсалатыны, коммуналдық төлемдер, 1-4 сынып оқушыларының тегін тамақтануы, әлеуметтік осал топтағы отбасында тәрбиеленетін оқушыларға көмек, электронды платформаларды сатып алу бойынша есеп берілді.

Мектептің 2023 жылғы қаржысы бойынша жиналыс өтті

Мектеп директоры Букушев А.Б. педагогикалық ұжымға 2023 жылдың бюджеті жайлы жиналыс өткізді. Жиналыс барысында мектептің жалпы жылдық бюджеті, соның ішінде мұғалімдердің жалақысы, коммуналдық төлемдер, интернет желісі, әр түрлі онлайн-платформалар, балалардың тегін тамақтануы, мектептегі ағымдағы жөндеу жұмыстары. Әлеуметтік осал топтарда тәрбиеленетін оқушыларға көмек жайлы да айтылды. Мектеп бюджеті педагогикалық қауымға ашық көрсетілді және әр тармақ бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.