Қазақ тілі – біздің тәуелсіз елідігіміздің еленуіне, зайырлы мемлекет болып қалануына тұрғызылып жатқан іргетас! Сондықтан, қазақ тілі арқылы еліміздің мәдениетін одан әрі дамыту жұмыстары біздің ынтымақтастығымыздың ең маңызды бағыты болмақ. «Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені, Болашағым, бақытым, дара тілім» - деп жырлағандай, ана сүтімен бойына сіңетін ана тілін сүйіп, құрметтейтін ұлт ешқашан да жойылмақ емес. Осы мақсатпен 16 - 27 қаңтар аралығында №62 мектеп-лицейінің қазақ сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ 10 күндік апталық іс-шарасы өткізіледі.