Көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін , Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі мектебімізде 1 - сыныптар арасында жоғары жауапкершілікпен атап өтілді. Мерекенің негізгі мақсаты: оқушыларға Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі туралы мағлұмат беру, еліміздің салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын құрметтеуге және оқушылардың ой-өрісін дамытумен бірге талғампаздыққа, әсемдікке баулу. «Салтым-салтанатым, дәстүрім-діңгегім» атты мерекелік іс-шара 1 - сынып мұғалімдерінің бастамасымен жоғарғы деңгейде өтті. Әр сынып ауыл-ауылға бөлінді. Ата-аналар таңдалған дәстүрлерін көрсетіп, оқушылар өз өнерлерін ортаға салды: 1 “А” сыныбы “Ынтымақ” ауылы беташар дәстүрі 1 “Б” сыныбы “Достық” ауылы - шілдехана дәстүрі 1 “В” сыныбы “Бірлік” ауылы - қырқынан шығару дәстүрі 1 “Г” сыныбы “Татулық” ауылы - бесікке салу дәстүрі 1 “Д” сыныбы “Ырыс” ауылы - тұсау кесер дәстүрі 1 “Е” сыныбы “Береке” ауылы - қыз ұзату дәстүрін көрсетті.Мерекелік шара сайыс түрінде ұйымдастырылып, «Ең үздік сахыналық қойылым», «Талантты ата-аналар», «Мың бұралған бишілер» және т.б. номинациялармен марапатталды.