1 наурыз Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі. Азаматтық қорғаныс (АҚ) — бейбіт және соғыс уақытында Қазақстан Республикасы аумағын және халқын заманауи зақымдаушы құралдардан, табиғи және техногенді төтенше жағдайлардан қорғау бойынша жалпы-мемлекеттік іс-шаралар кешенін орындауға міндетті азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің құрамдас бөлігі. Біздің де мектеп Азаматтық қорғаныс бойынша белсенді жұмыс атқарып келеді. Мектебімізде Азаматтық қорғанысқа арналған кабинет бар және де әр жыл мезгілінде мектепте азаматтық қорғаныс бойынша эвакуациялау жұмыстарын жүргіземіз. Азаматтық қорғанысқа арналған кабинетте стендтер орнатылған. Бұл стендттерден оқушылар жалпы азаматтық қорғаныс жайлы мәлімет береді, төтенше жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету, қаланың су айдындарында авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстары жайлы білуге болады. Сонымен қатар мектебімізде 24 қараша күні "Қыс-2022" Республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу жұмыстары өтті. Оқу-жаттығудың тақырыбы: Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау. Сонымен қатар мектебіміздің Жас сарбаздар ұйымы Азаматтық қорғаныс бойынша қалалық өрт сөндіру бөлімдеріне экскурсияға барып, өрт сөндірушілердің жұмысымен танысты. Сондай-ақ оқушылар мұражайда Азаматтық қорғаныс қызметкерлерінің жұмысы және тарихын зерттеді. Осылайша біздің №62 мектеп-лицейіміз Азаматтық қорғаныс бойынша белсенді жұмыс атқарады деп айта аламыз. Соңғы басқа елдерде болып жатқан табиғи апаттар, әр мектепте Азаматтық қорғаныс жұмысына үлкен назар аудару керектігін дәлелдейді. «Сақтансаң – сақтаймын!», деген қорғасын ойды санамызда қорытып, амалымызға айналдырайық. Ешқашан да біздің елімізде апаттар болмасын деп тілейміз.