«Сөз додасы» дебат клубының ұйымдастыруымен  «Байқоңыр бағымыз ба, сорымыз ба?» тақырыбында дебат турнирі  өткізілді. Дебатқа  9«в» сынып  оқушыларынан құралған (Мыңбай Д. Кенжибулатов Р.,  Турганалиева А) «Зымыран» тобы және 9 «г» сынып  оқушыларынан құралған (Абдумуталипова Л., Дәуренқызы А.,  Ахмедова А.) «Магеллан» топтары қатысты.  9 «А» сынып оқушылары  Калимова Д. дебат ойынына төрешілік етіп, кемшіліктер мен артықшылықтарды айтып, жеңімпазды анықтауға тырысса, тайм-кипер Шестакова Д. дебат ойынында спикердің сөз сөйлеу уақытын көрсетіп, уақыт регламентін қадағалап отырды. Дебат турниріне қатысушы   спикерлер  адамды алғаш ғарышпен табыстырған  Байқоңыр ғарыш айлағының пайдасы мен зиянды жағы және Қазақстандық қоғамда орын алған өзекті мәселелі жағдайларды талдап, өз көзқарастарын, нақты мәселелерді шешу жолдары мен тетіктерін табуға тырысты. Шешендік өнері  сынға түскен екі топта  бір-бірінен қалыс қалмады.   Дебат соңында ой ұшқырлықтарын көрсете  білген 9 «Г» сыныбынан құралған «Магеллан» тобының спикерлері жеңімпаз деп танылды. Білім алушылардың жалпы мәдени ой-өрісін кеңейту, оқушылар арасындағы академиялық білім деңгейін көтеру, білім алушылардың шешендік сөйлеу өнері дағдыларын қалыптастыруда дебат клубының  берері көп.