Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Халенова Мадина Амангельдиновна және Құсаинов Кабдулкарим Айтмаганбетович. Мағжан Жұмабаевтың 130 жыл толуына орай «Мен жастарға сенемін» атты тақырыптық апталықта 10 «В,Г» сынып оқушыларының арасында дөңгелек үстел іс-шарасы өткізілді. Қазақтың ұлттық ақыны Мағжан Жұмабаев өмірі,шығармашылығы туралы оқушылардың ойын дамытуға,сөйлеу қабілеттілігін арттыруға, ұлтын сүюге тәрбиелеу жұмысын жүргізілді.Оқушылар іс-шараға өте белсенді қатысып сұрақ-жауаптар арқылы және Мағжан Жұмабаевтың өлеңін мәнерлеп жатқа оқығандар,10 «Г» сынып оқушылары: Жексембекова Дарина «Мен жастарға сенемін».Бузылёва Рубина «Ана», Черняева Елизавета «От». 10 «В» сынып оқушылары белсенді сұрақтарға жауап бергендер : Тилебалдиева Асема, Зияш Диана, Солоник Юлия, Жаксылыков Мухамед. Іс-шараны әдемі ән-күймен толықтырған оқушылар 9 «Г» сынып оқушысы Абдумуталипова Лаура «Біздің жақта», «Халяулім» әнін орындаса, Карбай Амина 10 «В» сынып оқушысы қобызбен әсем күй орындады. Мектеп диреторы Букушев Асылбек Бейсенбаевич оқушыларға Алғыс хат беріп сөз сөйледі. Іс-шара өте толық маңызды, қызықты болып өтті.