Мақсаты: қазақ тарихындағы маңызды оқиғалардан сахналық қойылымдар көрсету арқылы, оқушылардың отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық намысын ояту арқылы жүрегі «елім» деп соғатын тұлғаны тәрбиелеу.

Байқау барысында 8 «б» сыныбы «Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі», 8 «а» сыныбы «Қазақ хандығының құрылуы», 8 «в» сыныбы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама», 9 «в» сыныбы «Алаш партиясы», 9 «б» сыныбы «1931-1932жж ашаршылық», 9 «а» сыныбы «Ұлы Отан соғысы», 9 «г» сыныбы «Семей полигоны», 10 «а» сыныбы «Желтоқсан көтерілісі» тақырыбында сахналық қойылымдар қойып, актерлік шеберліктерін көрсете білді. Сайыс соңында әділ қазылар алқасының мүшелері тарих пәні ұстаздары: Алибаева С.А., Кадирова А.Т., Бөрібай О жеңген команданы анықтап, Бас жүлде- 10 «а» сыныбы, І-орын 8 «б» сыныбы, ІІ-орын 9 «а», 9 «б» сыныптары, ІІІ-орын, 9 «г», 8 «а», 8 «в» сынып оқушылары иеленді. Ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы ұрпақ тәрбиелеуде бүгінгі іс-шараның тәрбиелік маңызы зор болды.