9 ақпан күні 9«а» сыныбында тарих пәні мұғалімі Нугуманова Ж.Д. ұйымдастыруымен «Осы жұрт Атилланы біле ме екен ?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: Аттила туралы ежелгі авторлардың пікірлеріне талдау жасай отырып, Аттиланың тарихтағы орнына баға беру. «Дөңгелек үстел» барысында оқушыларға Атилла туралы видеосабақ көрсетілді. Оқушылар батыс ғұн тайпалар одағының аты аңызға айналған көсемі туралы деректерге сүйене отырып, Атилланың өмірі, Еуропаға жорығы, Еділ ханзаданың тарихтағы алар орны туралы пікір алмасты. Дөңгелек үстелге мектеп директоры Букушев А.Б., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сармолда С.А. және Атилла клубының жетекшісі, география пәні мұғалімі Тургамбекова А.Б. қатысты. Ғұн империясының даңқын аспанға шығарған жаужүрек Еділ қағанның адамзат тарихында өзіндік орны бар тарихи тұлға екенін кейінгі ұрпағымыз ұмытпауға тиіс.