2023-2024 оқу жылының басында №62 мектеп-лицейінде мектептің әлеуметтік паспортына сәйкес 104 толық емес отбасы, 79 көп балалы отбасы, 193 аз қамтылған отбасынан шыққан оқушы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 5 оқушы бар.

"Жалпыға бірдей білім беру" мектеп қорынан осы санаттағы балаларға киім-кешек пен оқуға қажетті керек-жарақтарды сатып алу үшін әр балаға 41 000 теңге бөлінді. Жалпы сомасы: 8 118 000 тг.

Сондай-ақ, "Мектепке жол" акциясы аясында аудан әкімдігінің қолдауымен мектеп портфельдері мен оқу құралдары түрінде материалдық көмек көрсетілді.

Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша қызметті "Үміт-НТ" ЖШС көрсетеді. №62 мектеп-лицейінде 1-4 сынып оқушылары, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін тегін тамақтану ұйымдастырылған. 1-4 сыныптардан бастап ыстық тегін тамақпен қамтылған білім алушылардың саны 1219 баланы құрады, сондай – ақ 5-11 сыныптардан бастап білім алушылардың мынадай санаттарына тегін ыстық тамақ беріледі: оның ішінде 73 – аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, 4-қамқорлықтағы балалар.

Әлеуметтік педагог: Джазитова Айнұр Тенельбаевна

Тел: 87750652596

Эл.пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.