06.01 мектебімізде "Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы зерттеу жұмыстарының маңызы" тақырыбында педкеңес өтті.

Педкеңес барысында директордың бейіндік жұмыс бойынша орынбасарлары Алибаева С. А. мен Сармолда С. А. педагогтердің кәсіби стандарты, зерттеу жұмыстарының маңызы және ерекшелігі туралы баяндама оқыды. Мектеп ұстаздары топтарда жұмыс жасап, зерттеу жұмысы барысы, ерекшелігі, қандай қиындықтарға ұшырауы мүмкін екендігін жайлы өз ойларын білдірді. Ал осы уақытқа дейін Lesson Study және SHARE жобалары бойынша жұмыс жасап келе жатқан ұстаздар өз тәжірибесі жайлы сөз қозғады. Іс-шара барысында өз ойларын мектебіміздің жас педагогтері қорғап, осындай ауқымды зерттеу жұмыстарын жүргізуге дайын екендіктері жайлы айтты. Егер жас мамандар осындай инновациялық тақырыптарды қолдап, сол жаңа әдіс-тәсілдерді тәжірибесіне енгізсе, болашаққа сеніммен қарауға болады. Барша әріптестерімізге белсенді жұмыстары үшін алғыс айтамыз!