Желтоқсан айының 1 – жұлдызында мектебімізде «Жас мамандар мектебінің» жетекшісі Кусаинова Н.Е. ұйымдастыруымен жас мамандарға арналған семинар-практикум өтті. Семинар-практикумда тарих пәнінің мұғалімі Кадирова А.Т. «Қазіргі заманғы оқу сабағының әдістемелік негіздері, оны өткізуге қойылатын талаптар. Өзіндік талдау және оқу сабақтарын талдау» тақырыбында жас мамандармен жұмыс жүргізді. Асель Толқыновна жас педагогтерге оқу қызметін жүйелі жүргізу оның субъектілерінде негізгі компоненттері мазмұнды абстракция, жалпылау, талдау, жоспарлау және рефлексия болып саналатын теориялық танымы мен пайымдауының жедел дамуына жағдай жасайтыны жайлы айтып өтті.Сабақты талдау барысында қандай нормативтік құжаттарға , бұйрықтарға назар аудару керектігін, балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын анықтау мақсатында қандай әдіс – тәсілдерді қолданған тиімді екендігін көрсете алды. Өзіндік сараптау барысында әр баланың жеке білім деңгейі анықталып,ой- қабілеттері дами отырып,бір-біріне,қоршаған ортаға, үлкендерге деген мәдени қарым-қатынастары,достық сезімдері оянып,ұштала түсті ме, осы мәселелерге назар аудару керектігін ескере отырып сараптама жасауға бағыттады.Жас мамандардың ҚМЖ құру барысында туындаған сұрақтарына Асель Толқыновна тәжірибесімен бөлісе отырып,жауап берді.Өз жұмысының соңында Асель Толқыновна жас мамандарға көмек ретінде буклеттер мен жадынамалар таратты.Сонымен қатар, биология пәні мұғалімі Маруарова А.Т. «Эмоционалды шиеленісті жеңілдету» тақырыбында тренинг жүргізді. Бұл тренинг педагогтердің эмоционалды күйін реттеу дағдысын қалыптастыруда,қарым-қатынаста біліктілігін арттыруда оң әсерін берді. Семинар соңында, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Сармолда С.А. жас мамандарға алға басқан,жаңа белестер мен асуларды алу жолындағы қадамдары нық болып, жаңашыл форматтағы білікті маман болуларына бағыт-бағдар беріп,оң тілегін білдіріп,сәттілік тіледі. Семинар-практикум мақсатына жетті.