Ақпарат

Дзюдо күресінен клубаралық қалалық жарыста мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Жауғашты Нұрахмет 1 орынға, Бахытжан Жанали 2 орынға, Орынбай Руслан 3 орынға ие болды. Жеңімпаз оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз. Оқушыларымызды жүлделі орындарға дайындаған мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Арғынбеков Жасұлан Мешітбайұлы.
Жаратылыстану пәндері апталығының аясында химия пәнінен 9 “А” сыныбымен "Аммиак. № 12 зертханалық тәжірибе «Аммиак молекуласының моделі» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар тәжірибе жасау арқылы аммиак молекуласының моделін жасады. Сабақта мұғалім тарапынан белсенді әдіс-тәсілдер қолданылып, BilimLand және Padlet платфомалары да қолданылды. Оқушылар сабақта өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетті. Сабақты жүргізген мектебіміздің химия пәні мұғалімі Аймагамбетова Меруерт Мынжасаровна.
5 «Д» сынып оқушыларының қатысуымен тарихи тұлға Темірбек Қараұлы Жүргеновтың 125-жылдық мерейтойы қарсаңында «Асыл өнердің алып нары» атты кемеңгер қоғам қайраткерінің өмірі мен шығармашылығы туралы тәрбие сағаты өтті. Сабақтың барысында оқушылар үш топқа бөлініп « Саясат сатысында», «Зерделі зеріттеуші», «Көрнекті көсемсөзші» тақырыптары бойынша зерттеп келген мәліметтерімен таныстырды.
Математика, информатика және физика пәні апталығы аясында 11 "А" сынып оқушыларымен алгебра пәнінен "Санның логарифмі. Негізгі логарифмдік тепе-теңдік. Логарифмнің қасиеттері." тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында белсенді әдіс-тәсілдер қолданылды. Сабақта"Тарсио" әдісі оқушылар үшін қызықты болды. Жеке және топтық жұмыста болды. Оқушылар жоғары білім деңгейлерін көрсетті. Осы сабақты қызықты қылып өткізген мектебіміздің математика пәні мұғалімі Шама Ерікгүл.
Математика, информатика және физика пәндері апталығы аясында мектебіміздің информатика пәні мұғалімі Арайлым Уристемқызы 10 "А" сынып оқушыларымен сабақтан тыс "Миллион кімге бұйырады?" интеллектуалды ойынын өткізді. Ойын барысында оқушылар информатика пәні бойынша қызықты сұрақтарға жауап берді. Оқушылар пән бойынша білімдерін көрсетіп, грамоталармен марапатталды.
Математика, информатика және физика пәндері апталығы аясында мектебіміздің информатика пәні мұғалімі Арайлым Уристемқызы 10 "А" сынып оқушыларымен "HTML тілінде Веб парақша дайындау" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта интерактивті құралдарды пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты.
9 ақпан күні 9«а» сыныбында тарих пәні мұғалімі Нугуманова Ж.Д. ұйымдастыруымен «Осы жұрт Атилланы біле ме екен ?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: Аттила туралы ежелгі авторлардың пікірлеріне талдау жасай отырып, Аттиланың тарихтағы орнына баға беру. «Дөңгелек үстел» барысында оқушыларға Атилла туралы видеосабақ көрсетілді. Оқушылар батыс ғұн тайпалар одағының аты аңызға айналған көсемі туралы деректерге сүйене отырып, Атилланың өмірі, Еуропаға жорығы, Еділ ханзаданың тарихтағы алар орны туралы пікір алмасты. Дөңгелек үстелге мектеп директоры Букушев А.Б., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сармолда С.А. және Атилла клубының жетекшісі, география пәні мұғалімі Тургамбекова А.Б. қатысты. Ғұн империясының даңқын аспанға шығарған жаужүрек Еділ қағанның адамзат тарихында өзіндік орны бар тарихи тұлға екенін кейінгі ұрпағымыз ұмытпауға тиіс.
10 ақпан күні мектебімізде ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті. Ауғанстан аумағынан әскерлердің шығарылуы жыл сайын 15 ақпанда атап өтіледі, өйткені дәл осы күні 1989 жылы Ауғанстандағы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің соңғы бөлімшелері Ауғанстан Демократиялық Республикасының аумағынан шығарылды. Кездесу барысында мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары ардагерлерге сұрақтар қойып, ашық әңгіме жүргізді. Кездесуде білім алушылар қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Ардагерлер өз ойларымен бөлісіп қана қоймай, қазіргі жастарға бейбіт өмірді сақтауға, түрлі арандатушылыққа бой алдырмауға, Отанды қорғауға дайын болуға шақырды. Осы іс-шараны ұйымдастырып, ардагерлердің алдында өнерлі оқушыларды дайындаған мектебіміздің география пәні мұғалімі, педагог-шебер Тургамбекова Алма Базаргалиевна
Математика, информатика және физика пәндері апталығында 7«А» сыныбында «Қысқаша көбейту формулалары» тақырыбымен ашық сабақ өтті. Сабақ барысында, рондом топқа бөлу әдісі, формулаларды қайталау мақсатында Kahoot платформасында сұрақ-жауап әдісі, жеке жұмыс, жұптық жұмыс және топтық жұмыстар орындалды.Сергіту сәті қызықты әрі пайдалы ұйымдастырылды. Кері байланыс Answergarden платформасында жүргізілді. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, білімдерін шыңдады. Пән мұғалімі: Бейбітхан К.
Bala Qorgau жобасы-оқушыларға және олардың ата-аналарына көмек Зорлық-зомбылыққа ұшыраған, жақын адамынан айырылған, күйзеліске ұшыраған және қолдауды қажет ететін балалар мен ата-аналарға психологиялық көмек Егер де оқушы мектепте немесе үйде қиын жағдайға душар болса және де ондай жағдайда не істеу керек екендігін білмесе, оны тыңдап ақыл-кеңес беретін үлкен адамның көмегі керек болса, онда бала bala.gov.kz сайтында өзін мазалаған сұрақтарға жауап ала алады немесе консультантқа тікелей сұрақ қоя алады, ол оқушыға хабарласып көмек көрсетеді.
Мектеп директоры Букушев А.Б. 5-7 қазақ сыныптарының ата-аналарымен кездесіп, жиналыс өткізді. Жиналыстың мақсаты ата-аналар қауымын мектебімізде атқарылған істермен таныстырып, алдағы уақытта жоспарланып отырған іс-шаралармен таныстыру. Жиналыс барысында мектеп басшысы ата-аналарды 2021 жылдың бюджеті және сол жылы атқарылған іс-шаралармен таныстырды, мектепке қандай заттар алынды, қандай жөндеу жұмыстары жүргізілгендігі жайлы айтты. 2022 жыл бойынша да толық бюджет бойынша есеп беріліп, ағымдағы жөндеу жұмыстары барысында салынған жаңа линолеумдарды және заманауи STEM-кабинетін көрсетті. Бұл кабинеттің ерекшелігі жайлы айтты. Ал 2023 жылы тағы да осындай жаңа заманауи кабинеттер алыну жоспарланып отыр. Және де спорттық жабдықтарды да жаңалау жоспарлануда. Жиналыс барысында жалпы мектептің қвржысынан мектеп мұғалімдерінің жалақысына қанша қаржы жұмсалатыны, коммуналдық төлемдер, 1-4 сынып оқушыларының тегін тамақтануы, әлеуметтік осал топтағы отбасында тәрбиеленетін оқушыларға көмек, электронды платформаларды сатып алу бойынша есеп берілді.