2023 жылдың 04 қыркүйегінде біздің мектепте 10-11 сынып оқушылары Тюринг компаниялары білім беру қауымдастығының басқарушы директоры Хайко Шулер және жоба маманы Денис Невинскиймен кездесті.
Кездесу барысында оқушыларға Тюрингияда кәсіптік білім алу мүмкіндігі туралы презентация көрсетілді. Fav Service gGmbH Германияда үш жылдық оқытудың жаңа жобасын ұсынды. Сертификат алғаннан кейін (B2 деңгейі) әр қатысушыға Германияда оқу орны беріледі. Германияда оқыту дуальды білім беру жүйесі аясында жүзеге асырылады (кәсіптік мектепте теорияны игеру және жетекші кәсіпорындарда практикалық дағдыларды алу).

Оқушылар оқу барысында алады:

  • - үш жыл оқыған кезде айына 939 € стипендия
  • - медициналық сақтандыру
  • - неміс банкіндегі шот
  • - неміс серіктестерін толық сүйемелдеу (тұрғын үй іздеу, тіркеу және т. б.)

Сондай-ақ, табысты оқудан кейін олар бүкіл әлемде танылған және Германияда одан әрі даму мен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін неміс дипломын алады. Жобаға қатысу тегін. Жобаның басты мақсаты жоба шеңберінде қолдау көрсетілетін білім алушылардың бейімделу кезеңінен сәтті өтуі және кәсіби біліктілік алуға және кейіннен құзыретті мамандар ретінде жұмысқа орналасуға бағдарлануы болып табылады.
Оқушылармен кездесуден кейін мектеп директоры Мырзалиева Гүлмира Уәлиқызы мен Хайко Шюллер ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.