Мектеп қабырғасында жүргенде беделді де білімді оқушы боламын десең, біз ұсынған қағидаларға көз жүгірт. Бұл қағидаларды қалыптастырып алсаң, алдағы ғұмырыңа да септігі тиері сөзсіз.
- Теледидардың алдында көп отырма. Ешқашан. Ол сенің уақытыңды өлтіреді.
- Алға жылжы деген қанатты сөздер сенің ұраның. Әрекет ет, көмектеседі.
- Басыңа жақсы ой келді ме? Жылдам жазып қой! Ол үшін арнайы дәптер,файл немесе блог ашып қой.
- Эмоциялық және физикалық денсаулығыңды мұқият сақта! Дене шынықтыру және өзіңді жақсы көңіл күйде ұстау сенің табысқа барар жолың!
- Сабаққа кеш қалып жатсың ба? Ол туралы хабар берудің амалын тап!
- Өзгелердің армандарына күлме. Оданда өзің арманда!
- Өзіңе опасыздық жасаған адамға қайта оралма! Олар ешқашан өзгермейді.
- 8. Жақсы сөзбен жылан інінен шығады, жаман сөзбен адам діннен шығады. Жылы жүзді болайық!
- 9. Өз қатеңді мойындай біл! Қатеңді жылдам және қатаң түрде түзет!
- 10. Шағым жасау әдетінен бас тарт! Сенің мәселең басқаларды қызықтырмайды!
- Ешқашан өсек айтпа! Жаман сөз жылдам тарайды!
- 12. Көңіл-күйің төмен болса дем ал! Бұл өмірде бәріде өтіп кетеді деген сөздерді қайтала! Мәселе шешудің бір жолы: Миға демалыс бер!
- Досыңмен ұрысып қалған жағдайда көкейге бататын, ар-намысына тиетін әрекет жасама! Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді!
- Таңмен жақсы ниет еткен болсаң, күннің екінші жартысында жақсылықтың нұры жаусын! Жақсы ниет, жарым ырыс!
- Шындықты сөйлеген жамандықты еске алмайды!
- «Мен досыма қарыз едім» деген сөзді сөз қорынан өшіріп таста! Болмаса бұл өмірге қарыз болып өтесің. Бала тек ата-анасының алдында ақ сүтіне, сыйлаған өміріне қарыз.
- Өз келешегіңді өзің жаз! Өзге емес өзің туралы өзің айт!
- Алдыңа мақсат қой! Келешегіңді жобала!
- Көп ізден! Өз біліміңді дамыт! Уақытың жетпей жатса да ізденгенді қойма! Оқу мен іздену - уақытыңды босқа кетіру емес! Уақыт - алтынға теңеледі.
- Өзгенің де, өзіңнің де уақытыңды алма!