- 1. Балаңызбен мектепке бару мен білім алудың маңыздылығын талқылаңыз. Бұл өте маңызды.
- Балаңыздан күнделікті оқу күні қалай өткенін сұрап тұрыңыз. Баланың оқу күні туралы ештеңені бүкпей айтатынына көз жеткізіңіз.
- Балаға үй тапсырмасын және қандай да бір өзі орындау керек жобаның берілген, берілмегенін сұраңыз.
- Балаңызға ешқандай тапсырма берілмесе, оның 30 минут уақытын қайталау, жаттығу жұмыстарына жұмсауын қадағалаңыз.
- Баламен бірге отырып, оның қандай да бір жетістіктерін талқылаңыз. Қажет болса, оның қандай да бір жағымсыз іс-әрекеттеріне шектеу жасаңыз.
- Жақсы іс-әрекеттерін мақтаңыз. Тек ғана жағымсыз әрекеттерін айта бермеңіз.
- Балаңыз емтиханды нашар тапсырса да оған демеу болатын сөздер айтыңыз.
- Балаңыздың мектепте үлгерімі нашар болатын болса, оған қосымша көмек көрсетуге үйде дайындауға мұғалім шақыртыңыз.
- Баланың мұғалімімен оған қандай да бір көмек көрсететін альтернативті көмектер сұрап сөйлесіңіз.
- Ең бастысы баланың үлгерімі мен тәртібі туралы хабардар етіп отыратын адам- мұғалімімен әрқашанда байланыста болыңыз.
- Баланың алдына нақтылы мақсаттар қоюына көмектесіңіз: неге қол жеткізу керек, қандай білім алу керек.
- Баланың сол мақсатына жету уақытын бірлесе белгілеп алыңыз.
- Мүмкіндігінше бала білім алудың нақтылы неге қажеттігін білу керек. (Маған мұны білудің қажеті қанша, өмірде оны қалай пайдаланамын?)
- Оқу үрдісі кезіндегі баланың нәтижелерін уақытылы қадағалап отырыңыз.
- Баланы мадақтаудың әдісін ойлап табыңыз (бүкіл отбасының алдында мақтау). Оған мотивация болатындай баланың нақтылы іс-әрекетін мақтаңыз.
- Жасөспірімге үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз. Жақсы сөз айтып, кеңестер беріп отырыңыз.
- Мектепте жаңа білім алуына ынталандырыңыз.
- Жасөспірімдер топтасып, бір-бірімен араласа жүріп, бірлесе жұмыс істейтін болғандықтан, білім алу да солай іске асуы керек. Баланың жағымды әрекетін талқылаңыз. Оның оқу пәндеріне қатысты пікірін сұраңыз.
- Баланың оқудағы нәтижелерін басқа сыныптастарының нәтижесімен салыстырмаңыз.
- Баланы жақсы көріңіз.