05.01. күні мектебімізде "Ашық есік күні" форматында ата-аналар жиналысы өтті.

Бұл жиналыстың ерекшелігі әр ата-ана барлық пән мұғалімдерімен жеке кездесіп, баласы жайлы мәлімет алды. Мысалы 1 жартыжылдықтың қорытындысы, ТЖБ және БЖБ нәтижесі, қандай тақырыптар бойынша қосымша дайындық керек екендігін білді. Және де егер бұрын ата-ана пән мұғалімдерімен тек сынып жетекшілер арқылы байланысқа шықсы, осы жолы олар балаларына сабақ беретін мұғалімдермен жеке танысып, олардың талаптарын біліп, өз ауыздарын кері байланыс алуы. Осындай кездесулер ата-ана мен мұғалімнің арасында жақсы қарым-қатынас орнатады деп ойлаймын. Жиналыс аяқталған соң ата-аналардан осындай форматта жиналыс өткізіп тұру керектігі жайлы кері байланыс алдық. Алдағы уақытта ауысымдар бойынша, параллель сыныптар арасында осындай жиналыстар өткізілетін болады.