Биылғы жылы мектебімізде бокс үйірмесі өз жұмысын бастады. Аз уақыттың ішінде оқушыларымыз әртүрлі турнирлерге қатысып жүр. Сондай турнирлердің бірі осы демалыс күндері өтті. Республикалық турнирде барлығы 600 спортшы қатысқан, біздің мектептен 15 оқушы қатысып, 12 жүлделі орындарға ие болды. Олар:

  1. Арманқызы Ару 3В сыныбы, 1-орын
  2. Уразақұл Мухаммед-Али 1А сыныбы, 1-орын
  3. Уразақұл Солих 2В сыныбы, 2-орын
  4. Уразымбетов Жарылхосым 7Д сыныбы, 2-орын
  5. Байзақ Сезім 2Д сыныбы, 2-орын
  6. Бақытжан Батыр 2В сыныбы, 3-орын
  7. Шыңғысханов Мейіржан 7Д сыныбы, 3-орын
  8. Бейбіт Бақкелді 2В сыныбы, 3-орын
  9. Нұржанұлы Хангелді 4Е сыныбы, 3-орын
  10. Бектас Алижан 1К сыныбы, 3-орын
  11. Ермат Арсен 3А сыныбы, 3-орын
  12. Тұрғынбек Алдияр 3В сыныбы, 3-орын.

Бұл оқушыларды аз уақыттың ішінде жоғары деңгейде жаттықтырып, дайындаған мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Дөрбетхан Ерлан. Дөрбетхан Ерлан спорт шеберіне үміткер, 6 жастан 15 жас аралығындағы балаларға бокстан үйірме сабағын береді. Алдағы уақытта жаттықтырушымызға және оқушыларымызға бұдан да жоғары деңгейдегі турнирлерде топ жаруды тілейміз.