Мектебіміздің оқушылары Астана қаласы полиция департаменті Жедел басқару орталығы қызметкерлерінің жұмысымен танысу және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 7”Б” сынып оқушыларымен мектебіміздің құқық бұзушылық менеджері А.Шалабаев және сынып жетекшісі Ж.Жанайдарова, Тәуелсіздік 1 көшесіндегі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ғимаратына барып, күнделікті жасалатын жұмыстарымен танысып қайтты. Оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарға ПД ЖБО полиция майоры М.Балкеев, ПД ЖБО инспекторы, полиция капитаны Ш.Әлихан жауап берді.Құқық бұзушылықтың алдын алу жайлы түсінік берді. Жасөспірім балалардың құқықбұзушылыққа бармай, саналы тәртіпті ұрпақ болуына мектеп тарапынан атсалысудамыз.