№ 62 мекте-лицейінде «Таза мектеп, таза аула»акциясы өтті.
Бүгін акцияға 9, 10, 11 сынып оқушылары өте белсене қатысты.
Акцияның мақсаты: балалар мен олардың ата-аналарының назарын туған қаласының экологиялық проблемаларына аудару.
Міндеттері:
1. Балаларды табиғат пен адам денсаулығына әсер ететін факторлармен, экологиялық тізбектермен таныстыру;
2. Балалардың туған ауылының табиғатына деген қызығушылығын, Отанның сұлулығын көре білуін дамыту;
3. Таза мектеп, таза ауланың болуына тәрбиелеу;
Акция аясында мектеп-лицейінде бірқатар іс-шаралар өткізілді: "Қоршаған ортаның экологиялық мәселелері"суреттер конкурсы. Экологиялық конкурсқа өз суреттерін ұсынды және адамның табиғаттағы және қаладағы мінез-құлқы туралы экологиялық бес минуттық пікірлерімен бөлісті, қоршаған ортаның және тұрмыстық қоқыстың ластану проблемаларын белгіледі, таза қалада, таза мектепте, таза сыныпта өмір сүру үшін қарапайым мінез-құлық ережелерін сақтау қаншалықты маңызды екендігі туралы әңгімелесті. Бейнероликтер жасап, мектептің 1 қабатында теледидардан көрсетті. Газеттер шығарды, интерьвю, анкета, листовка таратылды, оқушылар мен ұстаздар кері байланыс берді.
Алынған нәтижелер:


- Балалар табиғат объектілеріне қызығушылық танытты және оған ұқыпты қарауға ұмтылды.
Акция барысында оқушылар табиғат туралы білім алып, экологиялық мәдениет дағдыларын игерді. Балалар өз бетінше қорытындыға келді:
"Таза мектеп, таза аула" акциясын өткізіп тұру және мектеп туған үйім деген ұранды басты назарда ұстау.