18.03.2022 №62 МЛ 22 Наурыз мерекесіне орай іс-шаралар өтті.Шараның мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, Наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.Мектепте наурыз мерекесі 3 қабатта болды.Әр қабатта мерекелік концерт, ұлттық ойындар мен сурет көрмелері өтті.Ұлттық тағамдарымыздың жасалу жолдарын балаларға түсіндіріп, салт-дәстүрлерімізді насихатттап, әр дәстүрді оқушыларға көрсетті. Үлкен әжелеріміздің ақ батасын алып,Наурыз мерекесінің ақ тілегін қабыл алдық.Әр сынып жетекшілер оқушыларына ең басты Наурыз тарихын түсіндіріп,мерекені жандандыра түсті.Ең ерекше қойылымдардың бірі Түйе мұрындық ,Шілдехана, Беташар,Бесікке салу, Тұсаукесер, Қырқынан шығару дәстүрлерін оқушылар өте деңгейде көрсетіп шықты.Сонымен қатар қазақтың ұлттық ойындары асық ату, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, тоқым қағар ойындары да ерекше оқушыларға ұнады.