№62 МЛ 8 наурыз қарсаңында барлық сыныптарда «Бәрі де,Анашым бір өзіңнен басталады» біріңғай ашық тәрбие сағаттары өтті. Сыныптың жігіттері ақ жаулықты апалар мен ардақты аналарға , аяулы қыздарымызға көктемнің алғашқы шуақты мерекелерінің бірінде ерекше құрметке бөлеп, жылы сөздерін арнады. Сонымен қатар, мектебіміздің жігіттері «Құрметті қыздар,айтар тілегім...» атты эссе байқауын өткізді.Нәзік жандыларға өз шынайы тілектерін білдіріп, аналары мен ұстаздарына алғыстарын білдірді.Ал, мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымы «Қымбатты құрбылар!» құттықтау видеосын түсіріп, «Арулар-асыл жандар» мерекелік концерт ұйымдастырды.
#ns_bilim_8mart @modernastana @bilimastana