Таза ауланың тынысы кең. Үйреншікті үрдіске айналған сенбілік қаламыздың көркеюіне өз үлесін қосуда. Сәуір айының 24 күні жалпы қалалық сенбілікке №62 мектеп-лицейінің ұжымы өте белсенді қатысты. Мектебіміздің ауласын тазартуға жұмыла кіріскен мұғалімдер, білім ордасының келбеті келісті болуы үшін тер төкті. Тазалық шарасына қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен, күрек, тырнауыш, қолғаптар мен қоқыс салатын қаптармен қамтамасыз етілді. Жалпы қалалық сенбілік қала көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған. Қаланың әр тұрғыны өзі тұратын мекенін, қызмет жасайтын орынын таза ұстаса, бұл олардың қала тазалығына, еліміздің көркекеюіне қосқан үлесі деп білеміз. Қалалық сенбілікке №62 мектеп-лицейінің ұстаздары ұйымдасқан түрде бір кісідей қатысты.