2024 жылдың 12 наурызында мектепте педагогтерді аттестаттау рәсімін өткізу бойынша түсіндіру жиналысы өткізілді.
Мектеп директоры К. М. Мұқашев бүгінгі жиналыстың маңыздылығы мен өзектілігі туралы педагогтерге жиналыс барысында баяндап берді.
Директордың бейіндік жұмыс жөніндегі орынбасары С. А. Алибаева педагогтерді аттестаттау қағидаттарымен және педагогтерді аттестаттау рәсімін өткізудегі өзгерістермен, өтпелі кезеңдегі педагогтерді аттестаттау шарттары мен тәртібі және "Ұстаз" платформасының жұмыс істеуінің басталуымен таныстырды. Портфолиодағы әрбір бөлім материалдарының мәселелері бойынша түсініктеме берді.