№ 62 мектеп-лицейінде мұғалімдер инновациялық жобалар және бағдармалармен жұмыс жүргізеді. «SHARE» халықаралық жобасы шеңберінде іс-әрекеттегі тәжірибені зерттеу. «SHARE» халықаралық жобаны пайдаланып отырып ұстаздар рефлексивті зерттеу қауымдастығын құру, өзгерістерді басқару, өзгерістерді зерттеудің және іс — әрекеттегі тәжірибені зерттеудің негізгі процестері (Action research) секілді мәселерді шешеді. PASCH «Мектеп: болашақтың серіктесі» жобаның мақсаты - жастарды неміс тілін үйренуге ынталандыру, серіктес мектептердің ғаламдық желісін құру. «Dgmath.kz» инновациялық жоба. Digital Matematika - математика бойынша онлайн оқыту жүйесі жүзеге асырылады. Akelius бағдарламаның мақсаты - білімді толықтыру бойынша қолдауға мұқтаж балалардың сауаттылығын арттыру жөніндегі Akelius пилоттық бағдарламасы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен жұмыс істейді. Бағдарламаның ерекшелігі сабақта оқушылар Akelius платформасына қол жеткізе отырып, планшет көмегімен оқытудың тиімділігін қамтамасыз етеді. «Оқитын мектеп - оқитын ұлт» жобаның мақсаты - Қазақстанда балалардың шығармашылық дамуы мен оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін белсенді орта құру болып табылады. «Оқитын мектеп» жобасы жоғары оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Оқу сауаттылығын дамыту Қазақстандық мектептердегі білім беру процесінің басым бағыттарының бірі болуы тиіс. Кітап арқылы оқуға, қоршаған әлемді тануға деген қызығушылықтары, мектеп балаларында қалыптасуы керек. Ал кітапхана осы қызықты кітаптардың әлеміне жолдама бола отырып, қызығушылықтың орталығына айналуы қажет. Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study – ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. «Ата-аналадры педагогиқалық қолдау» бағдарламасының мақсаты балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды немесе заңды өкілдерді педагогикалық қолдау бойынша әдістемелік ұсынымдар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту. Педагогтерге арналған «Цифрлық кітапхана» және «Үздіктен үйрен» жобалары. «Үздіктен үйрен» жобасын мақсаты «Үздік педагог» байқауы жеңімпаздарының озық педагогикалық тәжірибесін дәріптеу.