Біздін мектебімізде «Жас мамандар мектебі» жаңа оқу жылында өз жұмысын бастап кетті. 07 қыркүйек күні директордың бейіндік жұмыс бойынша орынбасары Алибаева С.А. мен жас мамандар жетекшісі Кусаинова Н.Е. «Сеніммен алға!» тақырыбында жас мұғалімдерге арналған озық педагогикалық тәжірибе мектебінің іс-шарасын өткізді. Іс-шараға мектеп директоры Мырзалиева Г.У. директордың оқу -ісі жөніндегі орынбасары Амирканова Т.Т. қатысып, жас мамандарға білім сапасы мұғалімнің қызметтегі құзіреттілігімен, ал кәсібилік тәжірибемен бірге келетіндігі туралы айтып ,жаңа қадамдарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар жаңадан келген әріптестеріміз де іс-шараға қатысып,өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Олар тәлімгерлермен бірге жас мұғалімнің бейімделу процесін модельдеуге атсалысты. «Мінсіз мұғалім портретін» жасады. Жас мамандар да өз кезектерінде түрлі тапсырмалар орындап,ұтымды жауаптар бере білді. Іс-шара барлық әріптестерге жақсы әсер қалдырды деген ойдамыз.