2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы жүзеге асырылуда. «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша жұмыс орындары оқу орындарының түлектері үшін олар алған кәсіп (мамандық) бойынша немесе Ұлттық кәсіптер жіктеуішінде қызметтің осы тобына жататын ұқсас кәсіп (мамандық) бойынша құрылады. Жұмыс орындары зейнеткерлік жасқа дейінгі (зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 6 ай және одан аз) қызметкерлері бар барлық меншік нысанындағы қала кәсіпорындары мен ұйымдарында ұйымдастырылады. Астана қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ (бұдан әрі – Жұмыспен қамту орталығы) 2 (екі) жыл ішінде оқуын аяқтаған білім беру ұйымдарының түлектерін жібереді. «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамға жұмыс берушімен зейнеткерлік жасқа жетуге кемінде 6 (алты) ай қалған тәлімгер тағайындалады. Қатысу мерзімі 6 айдан аспайды, оқуды аяқтағаннан кейін жас маман тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі немесе зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкерді ауыстырады. Жобаға қатысушылардың еңбекақысын Жұмыспен қамту орталығы қаржыландырады. Жұмыс берушілердің өтініштерін Жұмыспен қамту орталығы электронды түрде Электрондық еңбек биржасында (www.enbek.kz) https://enbek.kz/ru/page/creation-of-subsided-jobs сілтемесі бойынша қабылдайды.