9 «а» сынып оқушылары арасында «Экологиялық проблемаларды шешу жолы бар ма?» тақырыбында дебат өткізілді. Дебатты 10 «а» сынып оқушылары Әбдікәрім Ғазиза мен Бекбергенов Темірлан жүргізді.

«Жасыл әлем» атты жақтаушы топтың құрамында Нұрдана, Қарақат, Ақниет, Арайлым, Мерей, «Ғасыр қасіреті» атты даттаушы топтың құрамында Даяна, Айсауле, Дильназ, Асылайым, Асел қатысып, тақырыпқа сай екі топ дебатерлері де материалдарын жинақтап, оны зерделеп, басты ұстанымдарын анықтап, осы критерийлерді айқындайтын аргументтерді дәлелі мен логикалық бірізділікке негіздей білді. Дебат соңында мектеп директоры Букушев А.Б, тәрбие ісінің меңгерушісі: Мадибекова С.З. және дебат клубының жетекшісі Нугуманова Ж.Д. сөз алып, оқушыларға ыстық ықыластарын білдірді.