Қоғамның әлеуметтік және саяси бағытталған азаматтарын қалыптастыру мақсатында «№62 мектеп –лицейінің» 10 «А» сынып оқушылары арасында “Оқитын адам ойлаушы тұлға” тақырыбында дебат өткізілді. Пікірталас барысында “Ақ орда” және “Эйнштейн” тобының мүшелері британдық форматта өз ұстанымдырына мысалдар келтіріп нақты фактілермен дәлелдеуге тырысты.

Шешендік өнері сынға түскен екі топтың дәлелдері мен мысалдары бір-бірінен қалыс қалмай ой ұшқырлықтарын көрсете білді. Дебатқа мектеп директоры Букушев Асылбек Бейсенбайұлы қатысып өз пікірін білдіріп, оқушыларға сәттілік тіледі. «Сөз додасы» дебат клубының жетекшісі Нугуманова Ж.Д, дебатты өткізуге атсалысқан «Өзін-өзі басқару» ұйымының министрі Әбдікәрім Ғазизаға алғыс білдіреміз. Жас ұрпақтың бойында саяси мәдениетті қалыптастыру үшін дебат клубының берері көп.