Тарих бірлестігінің онкүндігі аясында 22-желтоқсан күні тарих пәні мұғалімі Нугуманова Ж.Д. ұйымдастыруымен «Қазақстан 2050жылы бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосыла ала ма?» тақырыбында дебат өткізілді. Мақсаты: оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына, өзіндік пікірінің қалыптасуына ықпал жасау, танымдық ойлау қабілеттерін дамыту.

Дебат төрайымы: Әбдікәрім Ғазиза , уақыт төрешісі: Бекбергенов Темірлан. Дебат барысында «жақтаушы» топ Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бастап, бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістіктерін саралай келе 2050 жылы еліміз бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіре алатынына толық сенім білдірсе, «даттаушы» топ Қазақстан 2050 жылға 30 елдің қатарына кірудің мүмкін емес екендігін, еліміздің экономикасының әлсіз тұстарын айтып өз ұстанымдарын дәлелдеуге тырысты. Дебатқа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мадибекова С.З., мектеп инспекторы: Шалабаев Ж.А., тарих пәні мұғалімдері: Кадирова А.Т., Бөрібай О. және қазақ тілі пәні мұғалімі Әлімбекова С.Т. қатысып, дебат соңында оқушыларға ыстық ықыластарын білдірді.