Қоғамның әлеуметтік және саяси бағытталған азаматтарын қалыптастыру мақсатында 7 –қазан күні «№62 мектеп –лицейдің» 10 «а» сынып оқушылары арасында «Қоқысты өңдеу қажет пе , жоқ па?» тақырыбында дебат өткізілді.

Пікірталас барысында жақтаушы «Қыран» тобының мүшелері «қоқысты қайта өңдеу қажет»- деп тапса, даттаушы «Эверест» тобы «қоқысты өртеу қажет» деген ұстанымды нақты фактілермен дәлелдеуге тырысты.

Шешендік өнері сынға түскен екі топта бір-бірінен қалыс қалмай ой ұшқырлықтарын көрсете білді. Дебатқа тәрбие ісінің меңгерушісі Мадибекова С.З. мен «Сөз додасы» дебат клубының жетекшісі Нугуманова Ж.Д. қатысты. Дебатты өткізуге атсалысқан «Өзін-өзі басқару ұйымының министрлері Әбдікәрім Ғазиза мен Мажитова Азинаға алғыс білдіреміз.

Жас ұрпақтың бойында саяси мәдениетті қалыптастыру үшін дебат клубының берері көп.