07- 08 маусымда Қапшағай қаласында «Балдаурен» РОСО базасында 2 – 8 сыныптарға арналған «Балдәурен білгірі – 2022» III Республиқалық зерттеу жұмысы мен әлеуметтік жобалар байқауы өтті. Байқаудың мақсат-міндеттері – зерттеу жұмыстарына, әлеуметтік жобаларға қызығушылық танытқан қабілетті оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында міндеттерді жүзеге асыру, дарынды және қабілетті оқушылардың жетістіктеріне қоғам назарын аударту арқылы патриоттық тәрбие беру.

Осы байқауға біздің мектептің 7 сынып оқушысы Карпенко Аделина қатысып, 3 орынға ие болды. Аделинаны осы байқауға дайындаған биология пәні мұғалімі Маруарова Арай Токтаровна.