7 маусымда 2022 жылы мектеп мұғалімдері «Сабақты зерттеу: қазақстандық мектептердің тәжірибесі» V қалалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

Конференцияның мақсаты – «Сабақты зерттеу» және «Іс-әрекеттегі зерттеуді» іске асыратын жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің зерттеу нәтижелерін ұсыну және тарату табылады.

Аталмыш конференция Назарбаев Зияткерлік мектебінің, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, жалпы білім беретін мектептер мен Лисаков қаласының мұғалімдері қатысты. Конференция 72 постер ұсынылған көрмеден басталды. Постер дайындаған әр мұғалім өз тәжірибесімен бөлісуден аянбады. Пленарлық бөлімін WALS қауымдастығының Бас хатшысы профессор Питер Дадли алғысөзбен бастап, Қазақстанның LS бойынша жүргізіп жатқан жұмысының жоғары деңгейде екенін атап өтті. Сонымен қатар Назарбаев Университетінің профессоры Дуйшон Шаматов, тренер Қызжібек Абдраманова LS тәсілін падалануды зерделеу нәтижелері мен мұғалімнің зерттеу практикасындағы перспективалық бағыттарды атап көрсетті. Түрлі бағыттар бойынша бөлінген тректерде мұғалімдер зерттеу жодарымен, нәтижелерімен бөлісті, шебер-сыныптар ұйымдастырды. Конференция жоғары деңгейде өтті, ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз.