Әр ұлттың әні мен жырын, сол елдің мәдениетін көрсете білген әр сыныпқа алғыс хаттар мен мадақтамалар табысталды. 11 «А» сынып жетекшісі Джунусова Зауре Акежановна, 11 «Б» сынып жетекшісі Дүйсеева Айгуль Ермекбаевна, 11 «В» сынып жетекшісі Атнагулова Марина Александровна, 11 «Г» сынып жетекшісі Хасенова Бахыт Мурадиновна және 11 «Д» сынып жетекшісі Маметова Асия Талгатовна жоғары сынып оқушыларының көпжылдық дәстүрін жалғастырды. Барлық оқушылардың, сыныптың ата-аналарының қатысуымен, сондай-ақ мектеп директоры Букушев Асылбек Бейсенбайевичтің қатысуымен ортақ күш-жігермен жоғары сынып оқушыларының шырша жолына жаңа ағаштар отырғызылды. Шырша-біздің жоғары сынып оқушыларымыздың жаңа, ересек өмірінің бейнесі, өздерінің артынан кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге қалдырарлық ерекше еске салады. Өз кезегінде шырша отырғызу мектеп аумағын көгалдандыруға үлкен үлес қосады, бұл экология мен қоршаған ортаның жанашырлары біздің түлектеріміз екені өте қуантарлық жағдай.

Түлектерімізге жаңа өмір жолында ақ жол тілейміз!!!