Пәндік олимпиадалар - бұл мектеп пәндерін оқуға деген қызығушылықты арттыруға, дарынды оқушыларды анықтауға ықпал ететін жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың жарыстары.

Біздің мектептің оқушылары 24 – 25-ші, 28-29 наурызда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңіне қатысты.

Оқушыларды олимпиадаға дайындаудағы мектептің, педагогтардың жүйелі жұмысының қорытындысы нәтижелер болып табылады.

Бүгін, 2022 жылдың 16 сәуірінде пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Мектеп оқушылары диплом алды.

Біздің мектеп республикалық олимпиаданың 3 (қалалық) кезеңінің қорытындысы бойынша мектеп – лицейлер арасында жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша «Ең үздік олимпиадалық команда – 2022» номинациясы бойынша 2 дәрежелі диплом алды.

Бұл біздің оқушыларымыздың терең білімі мен ұстаздарымыздың еңбегінің жоғары бағасы!