Шараның мақсаты: еліміздің нағыз патриоттарын, еңбекқұмар, білімге құштар, салт-дәстүріміз бен адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін жас жеткіншектерді, отансүйгіш ұландарды тәрбиелеп шығу. Әр оқушының санасына еліміздің бетке ұстар азаматтары болуға көмектесу әр ұстаздың басты мақсаты деп білеміз. Шараға мектеп директоры Букушев А.Б қатысып, қырандарға сәттілік тілеп галстуктарды тағу рәсімін бастады. Галстуктарды тағу құрметі мектебіміздің Жас сарбаз сыныбы мен Өзін-өзі басқару ұйымына табысталды. Оқушылар ант қабылдап, «Жас Қыран» ұранын айтты.

#балаларжылы
#bilimastana
#nursultan
#румцдмонрк
#білімбасқармасы
#дарындарындылықтысүйемелдеуорталығы
@modernastana
@bilimastana