Оқу жылының басында жас сарбаз сыныбымен жоспар бойынша сабақ және түрлі іс-шаралар жүргізілді. Жас сарбаз сыныбы тәуелсіздіктің 30-жылдығына байланысты арнайы іс-шара өткізді.

Ауған соғысының 33 жылдық толуына байланысты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді. 1-наурыз Бүкіл әлемдік Азаматтық

қорғаныс күні қарсаңында ТЖ қызметкерлері мен кездесулер өткізілді. Кездесу барысында алғашқы медициналық көмек түрлері, сонымен қоса мұражайға және өрт қызыметкерлерінің жұмыс орнына саяхат жасалды. «Патриоттық әндер» сайысының тікелей ұйымдастырушылары «Жас сарбаз» сыныбы болды.

Алдағы кезеңде Әскери оқу орындарын тәмамдап Отанға қызмет атқарып жүрген , бұрынғы мектеп түлектерімен кездесу жоспарлануда. Сонымен қоса сәуір айында «Казбат» бітімгершілік жауынгерлерімен кездесу ұйымдастыру жоспарланған.

6- сәуір күні Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскерге шақыру учаскесіне тіркелу туралы куәлікті табыстау рәсімі салтанатты түрде өткізілді.

Осы Таулы –Карабах автономиялық республикасында жауынгерлік іс-қимылдар соғысына қатысушы ардагерлер қонаққа арнайы шықырылды.
Олар : Гвардия аға сержант Баренов Ерлан Рускалиевич әуе-десант полкінің барлау ротасының старшина орынбасары.
Гвардия аға сержант Джамалов Талгат Жанаумерович десант ЖҰМ бөлімше командирі көмекшісі
Гвардия жауынгер Гайсин Асхат Кайдарович мото-атқы ротасының орта деңгейдегі танктің механик –жүргізуші.

Кездесу жоғары деңгейде өтті, кездесу барысында қонақтар әскери іс-қимылдармен қатар өз өмірбаяндарын айтып берді. Кездесу соңында әскерге шақыру учаскесіне тіркелу туралы куәлікті табыстау рәсімі өтті.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының әскерден тыс дайындық бөлімінің инспекторы полковник Жылқыбаев Есентай Жарқынбекович және №47765 әскери бөлімінің сержанттарымен кездесу өтті. Негізіг мақсат жоғарғы әскер оқу орнына мектеп бітірушілерді қабылдау.

Арнай бейне оқу орны туралы фильмдер көрсетіліп, сұрақтарғ жауаптар берілді. Кездесу соңында оқуға түсуге ұсыныс берген оқушылар болды. Олар 11 «б» сыныбының оқушылары Нигматов Мақсат пен Қырықбаев Жомарт осы әскери оқуға түсуге өз ниеттерін білдірді.

«Жас сарбаз» тобы ҚР Қарлы күштерінің әскери-тарихи мұражайында болып қайтты.Мұражай қызыметкерлері оқушыларға тың деректерден түсініктемелер айтып, сұрақтарына нақты жауаптарын берді.

Оқушылар әскери техникалармен және қарудың бараша түрімен танысты. Алған әсерлері оларға болашақта бір қажеті болары сөссіз .