№62 мектеп-лицейінің «Адал ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
бағдарламасын іске асыру туралы іс-шаралар
АНЫҚТАМА
- «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының қызметін ұйымдастыру бойынша жиналыс
- Мерзімі: 09.2025
- Бақылау обьектісі: Тәрбие бөлімі Вожатый: Олжабаева А.Д
- Мақсаты: «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының қызметін тиімді ұйымдастыру, клуб мүшелерінің арасында адалдық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жоспарланған іс-шараларды талқылау және ұйымдастыру.
Барысы:
8 қыркүйек күні мектебімізде «Адал ұрпақ» клубы құрылып, алғашқы жиналыс отырысы өткізілді. Жиналыс барысында:
- Клуб мүшелері әр түрлі фракцияларға бөлінді
- Әр мүшенің клубтағы міндеттері мен жауапкершіліктерін нақтыланды
- Алдағы уақытта өткізілетін акциялар мен байқаулардың тізімі құрастырылды.
- Әр іс-шараның мақсаттары мен міндеттері анықталды.
- Іс-шараларды ұйымдастыру үшін қажетті ресурстар мен жауапты тұлғалар тағайындалды.
Жиналыс форматы ашық пікірталас түрінде өтті, барлық клуб мүшелері белсенді қатысты.
Барлық қатысушылардың ұсыныстары мен пікірлері ескерілді, бұл клубтың қызметін.
Жиналыстың нәтижелері:
• Клубтың қызметі бойынша нақты жоспар әзірленді.
• Іс-шаралардың жауапты тұлғалары мен мерзімдері анықталды.
• Клуб мүшелерінің ынтымақтастығы мен бірлігі нығайтылды.
«Адалдық сағаты» республикалық акциясы
АНЫҚТАМА
- Мерзімі: 09.2025
- Бақылау обьектісі: Тәрбие бөлімі Вожатый: Олжабаева А.Д
- Мақсаты: Оқушылар арасында адалдық қағидаларын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, елдегі адал қызметкерлердің үлгісін көрсету.
Барысы:
«Адалдық сағаты» республикалық акциясы – еліміздің мектептерінде адалдық, әділдік және парасаттылық құндылықтарын насихаттау мақсатында өткізілетін шара. Бұл акцияның аясында мектебімізде әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.
- Көрмелер мен буклеттер: 5-7 сынып оқушылары арасында адалдық тақырыбына арналған көрмелер, ақпараттық буклеттер мен плакаттар дайындалып, мектебіміздің дәліздеріне орналастырылды.
• Сурет байқаулары: Бастауыш сынып оқушылар арасында адалдықты, әділдікті бейнелейтін сурет байқаулары өткізілді. Жеңімпаздар марапатталды.
• Тақырыптық сабақтар: 5-11 сыныптары үшін сынып жетекшілер адалдық және парасаттылық тақырыбында сабақтар өткізді, онда оқушыларға этикалық нормалар мен адалдықтың маңызы түсіндірілді.
• Тренингтер мен рөлдік ойындар: 8-11 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен адалдықты тәжірибе жүзінде сезіну үшін рөлдік ойындар мен тренингтер ұйымдастырылды. - Кездесулер: Мектеп әкімшілігі, мұғалімдер мен оқушылар арасында адалдықты насихаттау бойынша ІІМ өкілдерімен кездесулер өтті.
Бұл іс-шаралар оқушылардың адалдық, әділдік және парасаттылық құндылықтарын түсінуіне және оларды күнделікті өмірде қолдануға көмектесті. Акцияның мақсаты – жастардың бойында адалдық пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру болып табылады.
https://www.instagram.com/reel/DTxRlspCPbn/?igsh=eGlzNjBha3ZlaG9n
https://www.instagram.com/reel/DT5AXaRiD19/?igsh=OXV0dnZ5OTNqemZ1
https://www.instagram.com/reel/DUbJLzbiF80/?igsh=MWtidnoydTNyMGpyNw==
https://www.instagram.com/reel/DSCoMT8CLD4/?igsh=MWN6eW9iOGx0Nnlmaw==
“Нағыз ер азамат болу – намыс пен жауапкершілік”
АНЫҚТАМА
- Мерзімі: 29 қаңтар 2026 жыл
- Бақылау обьектісі: Тәрбие бөлімі Вожатый: Олжабаева А.Д
Мақсаты: Академиялық адалдық ұғымын оқушыларға терең түсіндіру, білім алудағы әділдік пен жауапкершіліктің маңызын ұғындыру, жалған ақпарат қолдану сияқты әрекеттердің салдарын талқылау арқылы адал еңбек етуге тәрбиелеу.
Барысы:
2026 жылдың 14 қаңтарында “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Заң және тәртіп” айлығының жоспарына сәйкес “Нағыз ер азамат болу – намыс пен жауапкершілік” тақырыбында ашық диалог өткізілді. Іс-шара барысында әкелер мен балалар арасында мазмұнды, шынайы әрі әсерлі диалог орнады. Ер азаматқа тән намыс, жауапкершілік, тәртіп пен адамгершілік құндылықтары кеңінен қозғалды. Мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың саналы, жауапты азамат болып қалыптасуына зор ықпал етеді.
Мұндай іс-шаралар жастардың бойында патриотизмді, жауапкершілікті және адалдықты қалыптастыруға ықпал ететін маңызды қадам болып табылады.
Алдағы жоспарлар:
• Ер азаматтардың жауапкершілігін арттыру, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, және дағдыларды жетілдіру мақсатында түрлі тренингтер өткізу.
• Әкелер мен балалар арасындағы байланысты нығайту үшін арнайы мектептер ұйымдастыру.
https://www.instagram.com/reel/DTxRlspCPbn/?igsh=eGlzNjBha3ZlaG9n
«Заң және тәртіп» айлығы бойынша өткізілген
ашық сот отырысы
АНЫҚТАМА
- Мерзімі: 29 қаңтар 2026 жыл
- Бақылау обьектісі: Тәрбие бөлімі Вожатый: Олжабаева А.Д
Мақсаты: Оқушылардың заңгерлік білімдерін тереңдету, құқықтық нормаларды түсінуге және заң жүйесінің жұмысын таныстыру. Сот процесінің кезеңдерін көрсету: Соттың қалай жұмыс істейтінін, оның негізгі кезеңдерін (сот отырысы, дәлелдемелерді ұсыну, шешім шығару) тәжірибе жүзінде көрсету.
Барысы :
23 қаңтарда 8-11 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен ашық сот отырысы өтті. Бұл іс-шара білім беру мекемесінде өткізілген, оқушылардың құқықтық білімдерін арттыру, сот жүйесінің жұмысын таныстыру және заңгерлік дағдыларды дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Ашық сот отырысында оқушылар нақты құқықтық жағдайларды талқылады, сот процесінің кезеңдерін көрсетті, сондай-ақ адвокат, прокурор және судья рөлдерін сомдады. Оқушылар өздерінің зерттеу жұмыстары мен дәлелдемелерін ұсыну арқылы сот процесінің қалай өтетінін тәжірибеде көрсетті. Іс-шара барысында қатысушылар заңгерлік этика, құқық қорғау органдарының рөлі және азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы пікір алмасып, тәжірибе жинақтады. Олардың бұл тәжірибесі болашақта құқық қорғау саласында жұмыс істеуге ынталандыруы мүмкін.
Ашық сот отырысы оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыни ойлау қабілеттерін дамытуға және командалық жұмысты нығайтуға ықпал етті.
https://www.instagram.com/reel/DT5AXaRiD19/?igsh=OXV0dnZ5OTNqemZ1
«Қар десанты»
АНЫҚТАМА
- Мерзімі: 23 қаңтар 2026 жыл
- Бақылау обьектісі: Тәрбие бөлімі Вожатый: Олжабаева А.Д
Мақсаты: Оқушылардың еңбекке деген көзқарасын қалыптастырып, қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу
Барысы:
“Таза Қазақстан” республикалық акциясы мен “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатында «Қар десанты» акциясы өтті.
Аталған шараға мектеп оқушылары мен ұстаздар белсенді қатысып, мектеп ауласы мен кіреберіс жолдардағы қарды тазалау жұмыстарын жүргізді. Акция барысында қатысушылар ұйымшылдық пен өзара көмектің үлгісін көрсетті.
«Қар десанты» – оқушылардың еңбекке деген көзқарасын қалыптастырып, қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелейтін маңызды бастама. Осындай игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
https://www.instagram.com/reel/DT1zTC1iJtw/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
“Ұшқыр ой алаңы”
АНЫҚТАМА
- Мерзімі: 25 қараша 2025 жыл
- Бақылау обьектісі: Тәрбие бөлімі Вожатый: Олжабаева А.Д
Мақсаты: Оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту және тақырыптық талқылау арқылы құндылықтарды дәріптеу. Сөз сөйлеу, тыңдау және пікір алмасу дағдыларын нығайту.
Барысы:
Ағымдағы оқу жылының 23 қараша күні мектебімізде “Ұшқыр ой алаңы” жобасы аясында 8-10 сынып оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жою мүмкін бе?» атты тақырыпта пікірталас ұйымдастырылды. Пікірталас жалпы 5 бөлімнен құралды.
- Дайындық кезеңі: Дайындық кезеңінде оқушылар екі топқа 4/4 бөлініп сыбайластық пен жемқорлық туралы ақпартаттар дайындады.
- Аргументтер мен дәлелдер: Оқушылар өз позицияларын зерттеп, жинақтаған аргументтері мен дәлелдерін ортаға салып, әр топтың спикерлері 3 минуттан сөз сөйледі.
- Сұрақ-жауап кезеңі: Дебат барысында оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, пікір алмасып, қарсылықтарын білдіріп, өз көзқарастарымен бөлісті.
- Сарапшылардың бағалауы: Дебат соңында сарапшылар мен ұстаздар тарапынан әр топтың аргументтері бағаланып, ең үздік команда анықталып, алғыс хаттар мен дипломдар табысталды.
- 5. Қорытындылау: Дебаттың қорытындысында оқушылар екі форматтың да артықшылықтары мен кемшіліктерін қабылдап, білім алу жолындағы әртүрлі тәсілдердің маңыздылығын түсінді.
Дебат форматы алдын ала белгіленген уақыт шеңберінде өтті. Әр топқа өз аргументтерін ұсынуға және қарсы тараптың пікірлеріне жауап беруге мүмкіндік берілді. Бұл дебат оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыра отырып, оларды ақпараттық қоғамда белсенді азаматтар ретінде қалыптастыруға бағытталды.
https://www.instagram.com/reel/DRmHpZlCNiw/?igsh=MnVhZ3c5cjY3NTV0
Вожатый: Олжабаева А.Д
«Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал қызмет» шығармалар байқауы
АНЫҚТАМА
- Мерзімі: 23 қаңтар 2026 жыл
- Бақылау обьектісі: Тәрбие бөлімі Вожатый: Олжабаева А.Д
Мақсаты: Жастар мен студенттердің мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік қызметтің этикасы мен моральдық негіздерін түсіндіру, сондай-ақ адалдық, әділдік және патриотизм сияқты құндылықтарды насихаттау.
Барысы: Ағымдағы жылдың бірінші аптасында мектебіміздің 9-11 сынып оқушылары үшін «Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал қызмет» шығармалар байқауы ұйыдастырылды. Шығарманың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтің маңыздылығын, оның қоғамдағы рөлін және азаматтардың мемлекетке деген жауапкершілігін насихаттауға бағытталды.
Байқау аясында қатысушылар:
1. Поэзия, эссе, мақала немесе зерттеу жұмыстары түрінде өз ойларын білдірді.
2. Мемлекеттік қызметтің қоғамдағы рөлі, азаматтардың мемлекет алдындағы жауапкершілігі, адалдық пен әділдік принциптері туралы жазды.
3. Мемлекеттік қызметте кездесетін мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы өз пікірлерін ортаға салды.
Байқау нәтижесінде жеңімпаздар мен қатысушылар түрлі сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады. Бұл шара жастардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттырып, елдің мүддесіне адал қызмет ету идеясын насихаттауға көмектеседі.
Cыбайлас жемқорлықсыз ел
АНЫҚТАМА
- Мерзімі: 8 желтоқсан 2025 жыл
- Бақылау обьектісі: Тәрбие бөлімі Вожатый: Олжабаева А.Д
- Мақсаты: Оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың зиянды әсерлерін түсіндіру, құқықтық білімді арттыру, адалдық пен әділдікке тәрбиеле. Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру.
Барысы:
"Cыбайлас жемқорлықсыз ел" қабырға газеттері мектебімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, оқушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және адалдық, ашықтық, әділеттілік сияқты құндылықтарды насихаттау барысында ұйымдастырылды. Оқушылар сыбайлас жемқорлықтың себептері мен салдары туралы материалдар мен мақалалар, статистикалық деректер жинақтап, сыбайластықтың алдын-алу туралы әр-түрлі қабырға газеттерін дайындады.
Қатысқан сыныптар: 8 «Б,Д» , 9 «Г,Л» , 10 «А,В».
Вожатый: Олжабаева А.Д
“ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП” айында ұйымдастырылған тренингтер
АНЫҚТАМА
- Мерзімі: 29 қаңтар 2026 жыл
- Бақылау обьектісі: Тәрбие бөлімі Вожатый: Олжабаева А.Д
Мақсаты: Құқықтық білімді арттыру, заңды сақтау мәдениетін қалыптастыру, қоғамда тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпараттандыру. Академиялық адалдық ұғымын оқушыларға терең түсіндіру, білім алудағы әділдік пен жауапкершіліктің маңызын ұғындыру, плагиат, көшіру, жалған ақпарат қолдану сияқты әрекеттердің салдарын талқылау арқылы адал еңбек етуге тәрбиелеу.
Барысы:
Оқушыларды қаржылық алаяқтыққа тартудың алдын алу мақсатында жоғары сынып оқушылары арасында «Дроперлер және заңсыз қаржылық операцияларға қатысудың жауапкершілігі» тақырыбында профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында «дропер» ұғымының мәні, жасөспірімдерді заңсыз әрекеттерге тарту тәсілдері, сондай-ақ банктік карталар мен жеке деректерді бөгде адамдарға берудің құқықтық салдары түсіндірілді. Қаржылық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бұл іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, оларды қаржылық алаяқтықтан қорғауға бағытталған маңызды қадам болды.
https://www.instagram.com/reel/DTztIqEiEKw/?igsh=MWpjYjllcWVnNjNsbw==
