Қазіргі заманғы білім сапасын көтеру талабына сай, жас ұрпақтың санасына тәрбие мен білім беру бағытында тынымсыз еңбек етіп, көшбасшылық қабілеттілігімен даралана білген Алма Базарғалиқызының марапаттаулары жетерлік. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы (2020 жыл) мен Республикалық «Теле-сабақтар» жобасы аясында көрсеткен шығармашылық ұстанымы, білім беруге қосқан жеке үлесі үшін Алғыс хатын (2021 жыл) иеленді. Республикалық “Үздік педагог-2019” байқауын жеңіп алды. Ұстаз еңбегінің жемісі шәкіртінің жеткен жетістігімен бағаланады. Алма Базаргалиевнаның сабақ берген әрбір оқушысы сенімді ақтап, мұғалімінің мерейін асыруда.